«Заемшыларды сақтандыру»
Қарыз алушы денсаулығының нашарлауына немесе оның өмірден өтуіне байланысты қайғылы жағдай туындаған кезде кредиттің негізгі борыш сомасы сақтандыру шартының төлемі есебінен өтелетін болады.
Бағдарламалардың түрлері бойынша сақтандыру тәуекелдері
«Қарыз алушының өмірін және еңбекке қабілеттілігін сақтандыру» бағдарламасы бойынша сақтандыру өтелімі:
- Кез келген себеп бойынша сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңінде Сақтандырылушының қайтыс болуы.
- Сақтандырылушының жазатайым оқиға немесе ауру салдарынан I немесе II топтағы мүгедектігі анықталып, еңбекке қабілеттілігінен айырылуы.
«Қарыз алушыны жазатайым оқиғадан сақтандыру» бағдарламасы бойынша сақтандыру өтелімі:
- Сақтандыру қорғанысы кезеңінде Сақтандырылушының жазатайым оқиға cалдарынан қайтыс болуы;
- Жазатайым оқиға салдарынан I немесе II топтағы мүгедектікті белгілей отырып сақтандырылушының еңбекке қабілеттілігінен айырылуы;
- Сақтандырылушының ұзақтығы күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен кем емес және күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күннен аспайтын сақтандыру (сақтандыруды қорғау) шартының қолданылу кезеңінде болған жазатайым оқиға нәтижесінде туындаған еңбекке қабілеттілігінен уақытша айрылуы.
Сақтандыру пайдасы
Сақтандыру шарттары
Қарыз алушының өмірі мен еңбекке қабілеттілігін сақтандыру
|
|
Сақтандыру жағдайы
|
Төлем мөлшері
|
сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде кез келген себеппен қайтыс болу
|
негізгі борышқа, сондай-ақ сақтандыру компаниясы үшін қажетті құжаттарды жинау кезеңі үшін есептелген, бірақ сақтандыру жағдайы басталған күннен бастап есептелетін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайтын сыйақы сомасына тең.
|
I немесе II топтағы мүгедектікті белгілеу, өмір бойы
|
негізгі борышқа, сондай-ақ сақтандыру компаниясы үшін қажетті құжаттарды жинау кезеңі үшін есептелген, бірақ сақтандыру жағдайы басталған күннен бастап есептелетін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайтын сыйақы сомасына тең
|
I немесе II топтағы мүгедектікті белгілі бір мерзімге белгілеу
|
мүгедектік белгіленген уақыт кезеңінде (мүгедектік мерзімі) кредиттік шарт бойынша төлемдер кестесі бойынша Сақтандырылушыларға төленуге жататын төлемдер сомасына тең
|
Қарыз алушыны жазатайым оқиғадан сақтандыру
|
|
Сақтандыру жағдайы
|
төлем мөлшері
|
сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде жазатайым оқиға себебінен қайтыс болу
|
негізгі борышқа, сондай-ақ сақтандыру компаниясы үшін қажетті құжаттарды жинау кезеңі үшін есептелген, бірақ сақтандыру жағдайы басталған күннен бастап есептелетін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайтын сыйақы сомасына тең
|
жазатайым оқиға себебінен I немесе II топтағы мүгедектікті белгілеу, өмір бойы
|
негізгі борышқа, сондай-ақ сақтандыру компаниясы үшін қажетті құжаттарды жинау кезеңі үшін есептелген, бірақ сақтандыру жағдайы басталған күннен бастап есептелетін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайтын сыйақы сомасына тең
|
жазатайым оқиға себебінен I немесе II топтағы мүгедектікті белгілі бір мерзімне белгілеу
|
мүгедектік белгіленген (мүгедектік мерзімі) уақыт кезеңі ішінде кредиттік шарт бойынша төлемдер кестесі бойынша Сақтандырылушыларға төленуге тиіс төлемдер сомасына тең
|
ұзақтығы күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен кем емес және күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күннен аспайтын жазатайым оқиға салдарынан еңбекке қабілеттіліктен уақытша айрылу
|
Төлемдер кестесіне сәйкес сақтандырылушының еңбекке қабілеттілігінен уақытша айрылу кезеңі үшін, бірақ күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайтын төлемдер мөлшеріне тең
|
* төлемдерге негізгі қарыздың қалдығы, сыйақы, кредиттік шотты жүргізгені үшін комиссия (бар болса) кіреді.
|
18 жастан асқан кез келген тұлға немесе заңды тұлға.
18 жастан 65 жасқа дейінгі кез келген адам, бұл ретте сақтандыру шарты аяқталған сәтте Сақтандырылушының жасы 70 жастан аспауы тиіс
Сақтандыру сомасының мөлшері негізгі борыштың мөлшеріне тең және негізгі борыш мөлшерінің өзгеруіне (азаюына) қарай өзгереді (азаяды)
Бүкіл әлем бойынша, тәуілігіне 24 сағат
Бір жолғы
Cақтандыру ережесі
Қарыз алушының өмірін сақтандыруға келісімшарт жасасу үшін қандай құжаттар керек:
1. Сақтандыруға өтініш (қарыз алушы ұсынады);
2. Сақтандырушының талаптарына сәйкес медициналық талдау нәтижелері (медициналық талдау жолдамасына сәйкес Сақтандырушының жолдамасы бойынша медициналық талдаудан өту немесе осындай талдаудан өту сәтінен бастап 6 айдан аспайтын уақыт өткен жағдайда, ұқсас медициналық нәтижелерін ұсыну) – талдап, зерттеу аккредиттелген клиникада сақтандырушы есебінен жүргізіледі. Сақтандыру шарты жасалғаннан кейін қайта медициналық тексеру жүргізілмейді;
3. Банк пен сақтандырушы арасында келісілген нұсқада сақтандырылушыға кредит беру туралы банктің түпкілікті оң шешімі туралы хабарлама (пайда алушы ұсынады);
4. Қаржылық сауалнама;
5. Сақтандырушының талаптарына сәйкес Сақтандырылушымен толтырылған аурулар (әрбір ауру бойынша жеке-жеке), сақтандырылушының кәсіби тәуекелдері мен әуестігі (дайвинг, автомобиль спорты, парашют спорты, альпинизм, авиация және т. б.) бойынша сауалнамалар (Сақтандырылушыларға ұсынылады);
6. Сақтандырушының жазбаша сұрауы бойынша басқа құжаттар, егер бұл талап андеррайтинг талабымен шартталған болса (сұратылған ақпараттың түріне байланысты сақтандырылушыға немесе пайда алушыға ұсынылады).
Назар аударыңыз: егер қарыз алушы жазатайым оқиғадан сақтандыру шартын жасаған жағдайда, онда медициналық тексеру нәтижелері талап етілмейді.