«Балам»
Әрбір ата-ана балалардың белсенділігі әртүрлі қауіппен бірге жүретінін біледі. Оқыс жағдайлар олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. «Балам» жазатайым оқиғалардан сақтандыру полисі бала жарақат алған жағдайда медициналық шығындарды жабу үшін сенімді қаржылық қолдау көрсетеді, әрбір отбасының жан тыныштығын қамтамасыз етеді.
Сақтандыру тәуекелдері
Сақтандыру қорғауы кезеңінде орын алған және Сақтандырылушының дене жарақатын алуына әкеп соққан жазатайым оқиға.
Артықшылықтары
Сақтандыру шарттары
18 жастан 65 жасқа дейінгі сақтандырылушының ата-анасы болып табылатын жеке тұлға.
Сақтандыру шартын жасау кезінде 0 жастан 18 жасқа дейінгі жеке тұлға.
Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы 1 000 000 теңгені құрайды.
Сақтандыру полисі бірінші туындаған сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылған сәттен бастап немесе сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі аяқталған кезде, осы екі оқиғаның қайсысы бұрын орын алса, сол сәттен бастап өз күшін жояды.
Сақтандыру мерзімі: 12 ай.
Сақтандыру шарты сақтандыру сыйлықақысы Сақтандырушының банк шотына толық көлемде түскен күннен кейінгі күннен бастап күшіне енеді және сақтандыру шартында белгіленген мерзімде қолданылады.
Бүкіл әлем, тәулігіне 24 сағат