Сақтандыру агенті мамандығының пайдасы
Компаниядағы әрбір Агент халыққа өмірді сақтандыру өнімін ұсынып, сатуға үйреніп, кәсіби оқытудан өтеді.
Мамандықтың пайдасы
Тәлімгерлік оқып-үйрену сабақтарында оқу жүйесі мынадай болып келеді:
«Алған білімді тәжірибеде қолдану» дегенді қалай түсінеміз. Алғашында біздің тәлімгерлер Агентке сақтандыру өнімін сатуға көмектеседі. Тәлімгер Клиентпен кездескен кезде оған тұсаукесер рәсімін өткізуге көмектеседі, сұрақтар мен талаптарға жауап береді. Өтініш жазуға жәрдем береді, өмірді сақтандыру келісімшартын жасауға көмектеседі.
Әрине, үйренуші Агенттің кәсіби деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан тәлімгер үйренуші маманның ұжымның бір бөлігі болуына қол ұшын береді. Клиенттермен арадағы жұмыста стандарттарды меңгеруге, Компанияның корпоративті мәдениетін сақтауға ықпал етеді.
Тәлімгерлік – Сақтандыру Агентінің кәсіби даму жолына жасалатын көмек пен қолдау. Біздің тәлімгерлер – әрбір аймақтық бөлімшедегі тәжірибелі менеджерлер. Тәлімгерлер біздің Компанияға келген әрбір жаңа маманның аяғынан тік тұрып, өзінің жеке клиенттік базасын қалыптастыруға және табысты Агент атануға қолдау жасайды.
Сіздің тәлімгеріңіз әрқашанда:
- Сізбен тығыз байланыс жасап тұрады
- Сізді оқытады
- Сізге қажет болған жағдайда моральдық тұрғыда қолдау көрсетеді
Осы жерде ескерте кететіні, сақтандыру құралдарына жүйелі түрде қарайтын заманауи технологияларға негізделген кәсіби білім беріледі. Сақтандыру агенттеріне сабақты тәжірибелі корпоративті тренерлер жүргізеді. Сабақ Компанияның арнайы ұйымдастырған тренингтерінде өткізіледі.