«Болашақ-Life»
Балаға қолжетімді білім берудің, тәуелсіз өмірі үшін алғашқы капиталды құрудың жолдары қандай? Егер де, менің денсаулығым нашарласа немесе кенеттен жазатайым оқиға болса, балалардың болашағы не болмақ? Бұл сұрақтар сізді компанияның кірісіне қатысуымен баланың пайдасына шешілетін «БОЛАШАҚ- LIFE» жинақтаушы сақтандыру шартын жасағанда мазаламайтын болады.
Сақтандыру тәуекелдері
Бағдарлама жинақтаудың және өмірді сақтандырудың негізгі бағдарламасы мен 10 түрлі қосымша опциядан тұрады.
- Сақтандырылған тұлғаның өмірінің ақырғы мерзіміне дейін сақтандыру;
- Сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі кезінде кез келген себеп бойынша Сақтандырылған тұлғаның (ауруға шалдығу, жазатайым оқиғадан) қайтыс болуы.
Сіз сақтандыру өтелімдерінің бір немесе бірнеше түрін таңдай аласыз. Олар:
1. Сақтандырылған (сақтандырылған ата-ананың біріне) тұлғаға қатысты қосымша сақтандыру өтелімдерін қамтамасыз етеді:
- сақтандырушы тұлғаның өліммен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда қосымша сақтандыру төлемін;
- сақтандырушы тұлғаның жазатайым оқиға салдарынан I, II топ мүгедектігі берілген жағдайда сақтандыру төлемін;
- сақтандырушы тұлғаның жазатайым оқиға салдарынан I, II топ мүгедектігі берілген жағдайда, ал үшінші жылы кез келген себептен сақтандыру жарнасын төлеуден босату;
- жазатайым оқиға салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз болып қалу себебінен сақтандыру төлемін;
- сақтандырушы тұлғаның жазатайым оқиғадан дене жарақатын алу салдарынан сақтандыру төлемін;
- жазатайым оқиға салдарынан емханаға түсіп қалу себебінен сақтандыру төлемін;
- қатерлі аурудың* барын анықтағанда сақтандыру төлемін.
2. Сақтандырушы тұлғаға (сақтандыру полисінің иесі) қатысты қосымша сақтандыру өтелімі мынаны қамтамасыз етеді:
- сырқаттау немесе жазатайым оқиға нәтижесінде сақтандыру төлемін.
3. Балаға (сақтандыру полисі бойынша пада көретін) қатысты қосымша сақтандыру өтелімі мынаны қамтамасыз етеді:
- жазатайым оқиға салдарынан баланың дене жарақатын алу салдарынан сақтандыру төлемін.
*қатерлі ауру – сақтандырылған адамның өмір салтын бұзып, өмірін нашарлататын, соңында мүгедектікке, өлімге алып келетін ауру, аурудың белгісі (онкологиялық аурулар, миокард инфарктісі, инсульт, бүйрек жетіспеушілігі және өзге де дерттер)
Сақтандыру пайдасы
Сақтандыру шарттары
Сақтандырудың негізгі өтелімі | Төлем көлемі |
сақтандырушы өмірінің ақырғы мерзіміне дейін сақтандыру | шарт бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы және (бар болған жағдайда) бонустық сақтандыру сомасы |
өліммен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда қосымша сақтандыру | сақтандыру төлемін төлеу күніне шарт бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы және (бар болған жағдайда) бонустық сақтандыру сомасы |
Сақтандырудың қосымша өтелімі* |
|
Сақтандырылған тұлғаның өлімімен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда | қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы.
Бұл сақтандыру төлемі сақтандырудың негізгі өтелімі бойынша 100% сақтандыру сомасына қосымша төленеді |
жазатайым оқиға салдарынан Сақтандырылған тұлғаға I, II топ мүгедектігі берілген жағдайда | қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы |
Сақтандырушының жазатайым оқиға салдарынан шарт мерзімінің 2 жылында I-ші немесе II топ мүгедектігі берілген жағдайда, сондай-ақ шарт мерзімінің 3 жылында кез келген себептен еңбекке жарамсыз болып қалуы
|
Сақтандырушыға мүгедектігі берілген сәттен оңалып кеткенге дейін сақтандыру жарналарын төлеуден босату |
жазатайым оқиға салдарынан Сақтандырушының уақытша еңбекке жарамсыз болып қалуы
|
емделушінің 7-ші күнінен бастап, әр емделген күн үшін қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан 0,2%, бірақ 60 (алпыс) күнтізбелік күннен аспауы қажет
|
жазатайым оқиға салдарынан Сақтандырушы дене жарақатын алған кезде
|
«Дене жарақаттары бойынша сақтандыру төлем кестесіне» сәйкес қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан пайызбен есептеліп анықталады
|
жазатайым оқиға салдарынан емханаға түсіп қалу
|
Емханаға түскеннен алғашқы күннен бастап, әр емделген күні үшін қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан 0,2%, бірақ 60 (алпыс) күнтізбелік күннен аспауы қажет
|
Сақтандырушыда алғаш рет қатерлі аурудың барын анықтау
|
Сақтандыру жағдайы болған кездегі сақтандыру төлемінің мөлшері сақтандыру сомасына тең
|
Сақтандырушының өлімімен аяқталған жазатайым оқиға болған жағдайда
|
сақтандыру жарналарын төлеуден босату
|
Жазатайым оқиға салдарынан баланың (пайда көруші) денесіне зақым тсүкен кезде
|
«Дене жарақаттары бойынша сақтандыру төлем кестесіне» сәйкес қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан пайызбен есептеліп анықталады
|
*Сақтандырушы тұлға 70 жасқа жеткен кезде қосымша сақтандыру өтелімі автоматты түрде қолданыстан түседі, ал «қатерлі аурудың анықталуына» сәйкес - 65 жасқа дейін қарастырылады. Жоғарыда аталған кез келген сақтандыру жағдайы орын алғанда Компания Сізге және Сіздің жақындарыңызға шығынды және өмірге бейімделу үшін сақтандыру төлемін жасайды. |
Қатерлі аурудың немесе ауру белгісінің атауы | Сипаттамасы және ерекшелігі |
Онкологиялық дерттер | Бір немесе бірнеше қатерлі ісіктің болуы, сондай-ақ лейкемия (созылмалы лимфоцитарлық лейкемиядан басқасы); лимфа жүйесінің қатерлі ауруы; сонымен бірге метастаздың өсуін сипаттайтын Ходжкин дерті.
Бұл диагноз гистологиялық зерттеудің негізіне сүйенген мамандырылған дәрігермен (онколог) расталуы тиіс. Ерекшелік ретінде: метастазасы жоқ кез келген рак қарастырылады; Инвазивті емес рак - in situ; гистологиялық тұрғыдан алғанда рак алындағы ауру; гистологиялық қорытындыға сәйкес 1.5 мм-ден жұқа немесе ТNМ классификациясы бойынша даму дәрежесі Т3N(0)М(0) аспайтын терінің бетіндегі қатерлі ісіктер және меланома; терінің бүртікті – ретикулярлық қабатына өтпеген кез келген ісіктер; терінің аса қабыршақтануы немесе базальдық-жасушалық карцинома; дененің өзге органына өтпеген терінің эпителиалды-жасушалық ісігі; АИТВ инфекциясы немесе ЖИТС-пен байланысқан Капоши саркомасы және басқа да ісіктер; ТNМ классификациясы бойынша Т1 (ішінде Т1а, 1б, 1с) кезеңіндегі қуықалды бездің ісігі; АИТВ инфекциясы немесе ЖИТС болғанда қатерлі ісіктер; цервикалдық интраэпителиалдық неоплазия. |
Миокард инфарктісі | Қанның жетіспеушілігінен миокард аймағы жансыздандырылады. Диагноз келесі үш аурудың белгісімен расталады:
1. көкірек қуысы анамнезінде тиісті аурудың болуы. 2. ЭКГ-де жаңа өзгерістер, мысалы SТ сегментінің немесе өзіне тән динамикасы бар Т зубецтің өзгеруі, Q3 зубецтің патологиялық қалыптасуы, қанның кардио айрықша ферменттерінің белсенділігнің артуы. Бұл диагноз және зерттеу жұмыстары мамандырылған дәрігермен (кардиолог) расталуы тиіс.Ерекшелік: ST сегментінің өзгермеген миокард инфарктісі; ауырмайтын миокард инфарктісі; жүректің ишимиялық ауруынан емес өзге де қан тамырларының синдромы. |
Инсульт | 24 сағаттан артық уақыт бойы неврологиялық симптоматиканы тудыратын және ми тінің жансыздандыратын кез келген цереброваскулярлық өзгерістер және геморрагия мен эмболия. Неврологиялық симптоматиканың ұзақтығы кем дегенде 3 ай болуы тиіс.
Бұл диагноз клиникалық симтомдары мен мидың компьютерлік немесе магниторезонанстық томографиясы бойынша расталады. Ерекшелік: анда-санда болып тұратын ми қан тамырларының ишемиялық бұзылуы; бас миының травматикалық зақымдануының нәтижесінде церебральдық өзгерістері. |
Бүйрек жетіспеушілігі | Бүйрек ауруының жантәсілім сатысы, екі бүйрек функциясының қайтымсыз нашарлауы. Нәтижесінде диализ (гемодиализ немесе перитонеальды диализ) жиі жасалынып тұрады немесе донорлық бүйрек салынады. Бұл диагноз мамандырылған дәрігермен (нефролог) расталуы тиіс
Өтелмейді уақытша бүйрек диализін қажет ететін бүйрек жұмысының тоқтатылуы немесе бүйрек жұмысы бір рет қана тоқтаған болса. |
Зағиптық (Соқырлық) | Аурудан кейін немесе жазатайым оқиғадан екі көздің көру қабілетінің нашарлауы, соқырлық.
Егер де зағиптық тиісті офтальмолог- дәрігермен растралған болса, онда өтеледі. |
Сал ауруы (паралич) | Параплегия; гемиплегия; тетраплегия.
Аурудың немесе жазатайым оқиға салдарынан сал ауруынан аяқ-қолдарының жұмыс істемей қалуы. Бұл диагноз Сақтандырушы тұлғаға алғаш рет қойылған күннен білікті невропатолог-дәрігердің алты ай бақылауының нәтижесімен расталуы тиіс. Өтелімнің ерекшелігі ретінде Гийена-Барре синдромы қарастырылады. |
Өмірге маңызды органдарды трансплантациялау
|
Адамнан адамға өмірге маңызды органдар: жүрек, бауыр, өкпе, ұйқы безі, жіңішек ішек, бүйрек немесе сүйек кемігін көшіру отасы.
|
Шашыраңқы склероз
|
Кем дегенде 6 (алты) ай ішінде магниторезонанстық томографиясы белгілеген жұлын-ми сұйықтығындағы өзгерістер мен оның зақымдануы, моторлық және сенсорлық функциясының бұзылуы, демиелинизация сипаты бар шашыраңқы склероз.
|
Кеуде қолқасы және/немесе құрсақ қолқасына хирургиялық ем жасау
|
Кеуде қолқасы және/немесе құрсақ қолқасына қолқаның созылмалы ауруын емдеу үшін қолқаның тармақтарына жасалған хирургиялық емін қоспағанда, тілу және қолқаның бір бөлігін трансплантантпен ауыстыру хирургиялық емін жасау.
|
Жүрек қақпақшаларын хирургиялық жолмен ауыстыру
|
Жүректегі қан тамырларының тарылуы (стеноз)/ жетіспеушілігі немесе осының барлығы бар болса, жүректің қолқа, қос жармалы, трикуспидалды немесе пульмоналды қақпақшаларын жасанды аналогымен хирургиялық жолмен ауыстыру. Қақпақшаны кесу, оны жөндеу және қақпақшаны ауыстыруды қажет етпейтін аурулар бұл сипаттамалардың тізіміне кірмейді.
|
Жүректің күре тамырын хирургиялық жолмен емдеу
|
Ашық түрде жүректің екі және одан да көп тарылған немесе тығындалған күре, қан тамырларын қалпына келтіру мақсатында қан тамырының ангиографиясымен тамыр арқылы шунттау әдісімен хирургиялық ем жасау. Ангиопластика және/немесе артерияға жасалған өзге де манипуляциялар, лапароскопиялық хирургиялық манипуляциялар бұл сипаттамалардың тізіміне кірмейді.
|
18 жастан асқан кез келген тұлға немесе заңды тұлға
18-65 жас аралығындағы кез келген адам. Бұл ретте Сақтандырылушының жасы сақтандыру шартының қолдану мерзімі аяқталу сәтіне 70 жастан аспауы тиіс
Бүкіл әлем бойынша, тәуілігіне 24 сағат
Ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір өтті, жылына бір рет, бір жолғы
Сақтандыру ережелері
- № 1 өзгерістер мен толықтырулары ескерілген Өмірді жинақтаушы сақтандыру ережелері
- Жинақтаушы өмірді сақтандыру ережелері (соңғы өзгеріс 12.12.202318:10)
- «Болашақ-Life» сақтандыру бағдарламасының ережелері (соңғы өзгеріс 20.11.20 13:35)
- «Болашақ-Life» сақтандыру бағдарламасының сақтандырушының пайдасын бөлу ережелері (соңғы өзгеріс 20.11.20 13:40)
Сақтандыру шартын бекіту үшін қандай құжаттар қажет
Сақтандырушы жеке тұлға болатын болса:
1. Сақтандыруға өтінім (Компанияның нұсқасы бойынша);
2. Жеке басын куәландыратын құжат (паспорт, тұруға ықтиярхат және т.б.) және Сақтанушының/Сақтандырылушының/Пайда алушының ЖСН, балалар үшін - туу туралы куәлік;
3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) анықтамасы (Компанияның нұсқасы бойынша).
Егер де Сақтандырушы тұлғаның қандай да бір ауруы бар болса, онда қосымша:
4. Ауру жөніндегі анықтама;
5. Медициналық құжаттар.
Тәуекелдерді бағалау маманның сұратуы бойынша қосымша:
6. Қаржы анықтамасы;
7. Қаржы құжаттары қажет болып қалуы мүмкін.
Сақтандырушы жеке кәсіпкер болатын болса:
1. Сақтандыруға өтінім (Компанияның нұсқасы бойынша);
2. Жеке басын куәландыратын құжат (паспорт, тұруға ықтиярхат және т.б.) және Сақтанушының/Сақтандырылушының/Пайда алушының ЖСН, балалар үшін - туу туралы куәлік;
3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) анықтамасы (Компанияның нұсқасы бойынша).
Егер де Сақтандырушы тұлғаның қандай да бір ауруы бар болса, онда қосымша:
4. Ауру жөніндегі анықтама;
5. Медициналық құжаттар.
Тәуекелдерді бағалау маманның сұратуы бойынша қосымша:
6. Қаржы анықтамасы;
7. Қаржы құжаттары қажет болып қалуы мүмкін.
онда жоғарыда көрсетілген құжаттармен қатар, қосымша:
8. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасын (бұдан әрі – ЭП анықтамасы) ұсынады. Бұл құжат www.egov.kz порталынан сақтандыру шартына қол қою күнінен бұрын алынуы қажет.
Сақтандырушы заңды тұлға болатын болса:
1. Сақтандыруға өтінім (Компанияның нұсқасы бойынша);
2. Жеке басын куәландыратын құжат (паспорт, тұруға ықтиярхат және т.б.) және Сақтанушының/Сақтандырылушының/Пайда алушының ЖСН, балалар үшін - туу туралы куәлік;
3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) анықтамасы (Компанияның нұсқасы бойынша).
Егер де Сақтандырушы тұлғаның қандай да бір ауруы бар болса, онда қосымша:
4. Ауру жөніндегі анықтама;
5. Медициналық құжаттар.
Тәуекелдерді бағалау маманның сұратуы бойынша қосымша:
6. Қаржы анықтамасы;
7. Қаржы құжаттары қажет болып қалуы мүмкін.
онда жоғарыда көрсетілген құжаттармен қатар, қосымша:
8. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) мақсатында клиентті идентификация бойынша сауалнаманы.
9. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасы (бұдан әрі – ЭП анықтамасы). Бұл құжат www.egov.kz порталынан сақтандыру шартына қол қою күнінен бұрын алынуы қажет.
10. Жеке басты куәландыратын құжат, заңды тұлға - клиент атынан іс-әрекеттерді жасауға, қаражатпен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды орындауға құжаттарға қол қоюға құқы бар лауазымдық тұлғаның өкілдігін растайтын құжаттарды (сенімхат, сенімгерлік басқару туралы шарт және өзге де құжаттар).
11. Бұйрық, жалпы жиналыстың хаттамасы, директорлар кеңесінің хаттамасы, жалғыз акционердің (құрылтайшының) шешімі немесе жалғыз атқарушы органның немесе басшының немесе алқалық атқарушы органның мүшесі ретінде іс-әрекеттерді жасауды растайтын тұлғаның құжаттарды (ЖШС үшін - жалғыз қатысушының шешімі, қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі, АҚ үшін – жалғыз акционердің шешімі, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі, Директорлар кеңесінің шешімі).
12. Жеке басты куәландыратын құжат, қоғамдық немесе діни бірлестік филиалы немесе өкілдігі басшысы өкілеттілігін (филиалдар мен өкілдіктер үшін) растайтын құжат (сенімхат, діни бірлестік үшін басшысы ретінде тағайындалғаны жөнінде басқару органның хаттамасы, қоғамдық бірлестік үшін басқарушы органды/жарғыны бекіту жөнінде құрылтайшылар съезінің шешімін (сенімхат, мүддені қорғау жөнінде тұлғаға берілген бұйрық) ұсынады.