Білімі туралы ақпарат
2025 жылғы 05 желтоқсанда Qazaq Independent Directors (QID) қауымдастығының «Болашақ директорлар кеңесі» форсайт-сессиясында А.М.Джолдасбековке кәсіби құзыреттері және корпоративтік басқару ережелерін ілгерілетуі үшін «Excellence in Corporate Governance 2025» марапаты, сондай-ақ «Қазақстанда корпоративтік басқарудың тиімді тәжірибелерін ілгерілетудегі көшбасшылығы мен жоғары жетістіктері және тәуелсіз директорлар институтын нығайтқаны үшін» алғыс хаты табысталды.
1984 жылы Н.А. Вознесенский атындағы Ленинград Қызыл Еңбек Ту орденді қаржы-экономикалық институтын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1987 жылы осы институттың аспирантурасын «Қаржы, ақша айналысы және кредит» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Жұмыс тәжірибесі
2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін (техникалық үзілістермен):
«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор (2009–2019 жылдары – Директорлар кеңесінің төрағасы).
2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін:
«Казкоммерц Секьюритиз» АҚ («Казкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы)/ «Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы) Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
2018 жылғы 28 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін:
«Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша «Халық-Life» еншілес компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін:
«Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы «Halyk Finance» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
Атқарған жұмыс орындары және атқарған лауазымдары туралы мәліметтер
1988–1989
Алматы Халық шаруашылығы институтында оқытушы.
1989–1994
«Центрбанк», «Инвест-банк», «АльБарака Қазақстан», «Верненский коммерциялық банк» коммерциялық банктерінде түрлі лауазымдарды атқарған.
1995–1997
«Қазақстан банкаралық валюталық биржасы» АҚ / «Қазақстан банкаралық валюталық-қор биржасы» АҚ / «Қазақстан қор биржасы» АҚ / «Қазақстан қор биржасы» ЖАҚ Бас директорларының орынбасары.
1997
«Алматы қаржы құралдары биржасы» ЖАҚ Президенті.
1997–2001
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының Төрағасы, Атқарушы директор – Комиссия мүшесі.
2001–2004
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясын және «Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының шаруашылық басқармасы» РМК тарату жөніндегі тарату комиссияларының төрағасы.
2001–2002
«Прагма» корпорациясының кеңесшісі, «Ситибанк Қазақстан» ЖАҚ кеңесшісі, «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ директоры.
2002–2009
«Қазақстан қор биржасы» ЖАҚ / «Қазақстан қор биржасы» АҚ Президенті, Директорлар кеңесінің (Биржалық кеңес) мүшесі.
2009–2016
«БТА Банк» АҚ еншілес ұйымы – «Темiрбанк» акционерлік қоғамы/ «Темiрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор (2013–2016 жылдары – Директорлар кеңесінің төрағасы).
2009–2011
«БТА Банк» АҚ еншілес ұйымы – «БТА Қазақстан» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
2010, 2011–2014
«Ұлар Үміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
2011–2012
«Жетісу» зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
2012–2013, 2014–2018
«Қазақстан қор биржасы» АҚ Директорлар кеңесінің (Биржалық кеңес) мүшесі.
2013–2014
«Қазақстан қор биржасы» АҚ Президенті, Директорлар кеңесінің (Биржалық кеңес) мүшесі.
2014–2016
«Альянс Банк» АҚ / «ForteBank» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
2016–2018
«Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.
2017
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
2017
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
2017–2018
«Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
2017–2022
«Казкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ / «Халык Банк Тәжікстан» ЖАҚ Бақылау кеңесінің тәуелсіз мүшесі.
2018–2019
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
2019–2022
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ Басқарма төрағасы.
«Халык-Life» АҚ-мен үлестестігі туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 1-бабының 20) тармақшасына және 64-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша «Халық-Life» еншілес компаниясы» акционерлік қоғамы АҚ-ның үлестес тұлғасы болып табылмайды.