Мерзімді сақтандыру
«Өмірді топтық мерзімді сақтандыру» бағдарламасы жазатайым оқиға салдарынан қызметкерлердің денсаулығына зиян келтірілсе, оған және олардың отбасыларына қаржылық қолдауды қамтамасыз етеді.
Сақтандыру тәуекелдері
- кез келген себеппен (ауыру немесе жазатайым оқиға салдарынан) Сақтандырылған қызметкердің қайтыс болуы немесе;
- жазатайым оқиға салдарынан Сақтандырылған қызметкердің қайтыс болуы.
Сіз сақтандыру өтелімдерінің бір немесе бірнеше түрін таңдай аласыз. Олар:
- жазатайым оқиға салдарынан I, II немесе III топ мүгедектігі берілген жағдайда сақтандыру төлемі;
- жазатайым оқиға салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз болып қалу себебінен сақтандыру төлемі;
- жазатайым оқиға салдарынан дене жарақатын алу салдарынан сақтандыру төлемі;
- жазатайым оқиға салдарынан емханаға түсіп қалу себебінен сақтандыру төлемі;
- қатерлі ауру анықталғанда сақтандыру төлемі.
Саұтандырудың тиімділігі
Сақтандырудың шарттары
Сақтандырудың негізгі өтелімі
|
Төлем көлемі
|
Сақтандыру шартының әрекет ету кезеңінде кез келген жағдайдан қайтыс болуы
|
негізгі Сақтандырылған тұлға бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы
|
жазатайым оқиға салдарынан Сақтандырылған тұлғаның қайтыс болуы
|
негізгі Сақтандырылған тұлға бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы
|
Сақтандырудың қосымша өтелімі*
|
|
жазатайым оқиға салдарынан Сақтандырылған тұлғаға I, II немесе III топ мүгедектігі берілген жағдайда
|
1) I топ мүгедектігі – негізгі өтелім бойынша сақтандыру сомасының 100%/80%/60%-ы төленеді - немесе жақтардың келісімі бойынша, алайда кез келген жағдайда осы өтелім бойынша сақтандыру соманың көлемінен артық болмайды;
2) II топ мүгедектігі – негізгі өтелім бойынша сақтандыру сомасының 80%/60%/50%-ы төленеді - немесе жақтардың келісімі бойынша, алайда кез келген жағдайда осы өтелім бойынша сақтандыру соманың көлемінен артық болмайды; 3) III топ мүгедектігі – негізгі өтелім бойынша сақтандыру сомасының 50%/30%/20% -ы төленеді - немесе жақтардың келісімі бойынша, алайда кез келген жағдайда осы өтелім бойынша сақтандыру соманың көлемінен артық болмайды. |
жазатайым оқиға салдарынан Сақтандырушының уақытша еңбекке жарамсыз болып қалуы
|
емделушіге аптасына сақтандыру сомасынан 0,2%-ы төленеді. Екінші аптадан 26-шы аптаға дейін 24 сағат сақтандыру қорғаныста болады.
Сақтандырылған тұлғаға сақтандыру төлемінен пайыз көлемі сақтандыру шартына қол қойғанда Сақтандыру тұлғаның өзімен таңдалады және шартта белгіленеді. |
жазатайым оқиға салдарынан Сақтанушы дене жарақатын алған кезде
|
«Дене жарақаттары бойынша сақтандыру төлем кестесіне» сәйкес қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан пайызбен есептеліп анықталады
|
жазатайым оқиға салдарынан емханаға жедел медициналық көмек көрсеткіштері* бойынша түсу
|
Медициналық мекемелерде медициналық қызмет пен медикаменттерге кеткен нақты шығындар сақтандыру соманың шеңберінде өтеледі
|
Сақтанушыда алғаш рет қатерлі аурудың** барын анықтау
|
негізгі Сақтандыру тұлға бойынша сақтандыру сомасынан 75%-ы
|
Жоғарыда аталған кез келген сақтандыру жағдайы орын алғанда Компания сақтандырылған қызметкерге сақтандыру төлемін өтейді. Бұл сома оған немесе оның отбасына келтірілген материалдық шығынды өтеуге және өмірге қайта бейімделуге мүмкіндік береді.
*Жедел медициналық көмек: 1. Өмірге тікелей қауіп төніп тұрған жағдайда (қатты ауру, дененің тырысып қалуы, естен тану, тұншығу, есеңгіреу, қан кету, тынышсыз жағдай, улану, артериялық қысымның өзгеруі) жедел медициналық көмекті көрсету мақсатында станционарға жатқызу; 2. Сақтанушы тұлғаның сақтандыру қорғанысы кезінде қатты ауырып қалғанда, созылмалы ауруы асқынғанда, инфекциялық ауру анықталғанда (төменде көрсетілгне аурулардан басқасы) Сақтандыру шартымен көрсетілген медициналық мекемелерге жүгінуі. **Қосымша бағдарламамен өтелетін қатерлі аурулар:
|
Заңды тұлға немесе жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға.
16 (он алты) және 65 (алпыс бес) жасқа дейінгі кез келген адам. Бұл ретте Сақтанушының жасы сақтандыру шартының қолдану мерзімі аяқталу сәтіне 70 (жетпіс) жастан аспауы қажет.
Сақтандырылушының 12 (он екі) жылдық еңбекақысына дейінгі сомаға.
1 жыл, немесе жақтардың келісімі бойынша.
Бүкіл әлем бойынша, тәуілігіне 24 сағат.
Ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын, бір жолғы.
Cақтандыру ережелері
Сақтандыру шартын бекіту үшін қандай құжаттар қажет
Сақтандырушы заңды тұлға болатын болса:
1. Сақтандыруға өтінім;
2. Сақтандырылатын компания қызметкерлерінің компания мөртаңбасымен берілген тізімі. Тізімде әр қызметкердің:
- Аты-жөні;
- ЖСН;
- Туған жылы;
- Жынысы;
- Қызметі;
- Сақтандыру сомасы (немесе сақтандыру сыйақысы);
- Өтелімі белгіленуі қажет.
3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) сауалнамасы (Компанияның нұсқасы бойынша).
4. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасы (бұдан әрі – ЭП анықтамасы). Бұл құжат www.egov.kz порталынан сақтандыру шартына қол қою күнінен бұрын алынуы қажет.
5. Жеке басты куәландыратын құжат, заңды тұлға - клиент атынан іс-әрекеттерді жасауға, қаражатпен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды орындауға құжаттарға қол қоюға құқы бар лауазымдық тұлғаның өкілдігін растайтын құжаттарды (сенімхат, сенімгерлік басқару туралы шарт және өзге де құжаттар).
6. Бұйрық, жалпы жиналыстың хаттамасы, директорлар кеңесінің хаттамасы, жалғыз акционердің (құрылтайшының) шешімі немесе жалғыз атқарушы органның немесе басшының немесе алқалық атқарушы органның мүшесі ретінде іс-әрекеттерді жасауды растайтын тұлғаның құжаттарды (ЖШС үшін - жалғыз қатысушының шешімі, қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі, АҚ үшін – жалғыз акционердің шешімі, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі, Директорлар кеңесінің шешімі).
7. Жеке басты куәландыратын құжат, қоғамдық немесе діни бірлестік филиалы немесе өкілдігі басшысы өкілеттілігін (филиалдар мен өкілдіктер үшін) растайтын құжат (сенімхат, діни бірлестік үшін басшысы ретінде тағайындалғаны жөнінде басқару органның хаттамасы, қоғамдық бірлестік үшін басқарушы органды/жарғыны бекіту жөнінде құрылтайшылар съезінің шешімін (сенімхат, мүддені қорғау жөнінде тұлғаға берілген бұйрық) ұсынады.
Сақтандырушы жеке кәсіпкер болатын болса:

8. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасын (бұдан әрі – ЭП анықтамасы) ұсынады. Бұл құжат www.egov.kz порталынан сақтандыру шартына қол қою күнінен бұрын алынуы қажет.