«Life-жол»
«Life-жол» сақтандыру полисі – сапарыңыз барысында Сізге тек жайлылық пен қаржылық қорғанысын сыйлайтын құрал. Ол Сізге шетелде денсаулығыңызды қалпына келтіру үшін кететін қаржы шығындарын өтеуге көмектеседі. Сонымен қатар, әрбір клиенттің өмірін жазатайым оқиғалардан да сақтандыруға мүмкіндік береді.
Сақтандыру тәуекелдері
Шетелге сапары барысында азаматтардың медициналық және медициналық-транспорттық шығындарын сақтандыру.
Сақтандыру оқиғалары:
- кенеттен қатты ауыру;
- жазатайым оқиға салдарынан дене мүшелерінің, ағзаның жарақаттануы;
- жазатайым оқиға салдарынан тістің қатты ауруы немесе жақтың жарақаттануы, немесе кенеттен тістің қатты ауруы, алайда бұл жағдайда сапар барысында бір рет емделуге болады және бұл емделу 75 еуродан аспауы тиіс.
Жоғарыда аталған сақтандыру оқиғалары бойынша сақтандыру төлемдері келесі шығындарды өтейді:
- жарақат алғанда немесе кенеттен қатты ауырғанда ауруханаға жатуы, хирургиялық немесе дәрі-дәрмекпен емделуі, дәрігердің өзі ұсынатын немесе жазып бергені бойынша үйдегі (қонақүйдегі) күтімі, сондай-ақ ауруханаға жатқызу үшін тасымалға кеткен шығындары;
- жазатайым оқиға салдарынан тістің қатты ауруы немесе тіске зақым келуіне байланысты стоматологиялық, рентгендік зерттеулерге, тістерді жұлу немесе пломба салу шығындары;
- аурухана ішіндегі бақылау жұмыстарына кеткен шығындары;
- төтенше жағдайлар кезінде медициналық дәрі-дәрмектерге кеткен шығындары;
- қажет болған жағдайда маман-дәрігердің қызметіне кеткен шығындары;
- сақтандыру жағдайы орын алғанда транспорттық шығындары;
- үшінші тұлғаға кеткен транспорттық шығындары. Бұл медициналық жағдайда бір өзі саяхаттап жүрген Сақтандырылған тұлға Полисте белгілеген сақтандыру аумағында жеті күннен артық ауруханада жатса, Сақтандырушы Сақтандырылған тұлғаның жолсерігіне екі жақты эконом санатындағы әуебилетін ұсынады.
- Сақтандырылған тұлға асырап жатқан адамдарының тұрғылықты жеріне қайтып келуімен байланысты шығындары;
- Сақтандырылған тұлғаның денесін өз жеріне алып келуге кететін шығындары өтеледі.
Шетелде жүрген азаматтардың өмірін сақтандыру
- Сақтандыру полисіне бұл өтелім кіретін болса, онда ол шетелде жүрген Клиенттің кенеттен өмірден қайтып кетуімен байланысты Клиенттің туған-туысқандарын қаржы тұрғысынан қорғайды.
Сақтандырудың тиімділігі
Сақтандырудың шарттары
Сақтандырудың негізгі өтелімі
|
Төлем көлемі
|
Шетелге сапары барысында азаматтардың медициналық және медициналық-транспорттық шығындарын сақтандыру |
Сақтандыру полисінде бекітілген сақтандыру сомасының аясында медициналық көмекпен байланысты нақты медициналық және медициналық-транспорттық шығындары*
|
Сақтандырудың қосымша өтелімі
|
|
Шетелде жүрген азаматтардың өмірін сақтандыру
|
Сақтандылыған тұлғаның мұрагеріне 1 000 000 теңге көлемінде сақтандыру төлемі беріледі
|
*Негізгі сақтандыру өтелімі бойынша сақтандыру сомасы Сақтандырушы мен Сақтандырылған тұлғаның келісімі бойынша белгіленіп, сақтандыру полисінде бекітіледі.
|
Жасы 18-ден асқан кез келген жеке тұлға немесе заңды тұлға
80 жасқа дейінгі кез келген адам.
Қосымша: 65 жастан асқан, алайда жасы 80-нен аспаған клиенттер қосымша сақтандыру сыйақысын төлегенде медициналық, медициналық-транспорттық шығындардан сақтандырыла алады.
Сақтандыру шартына қол қою күніне жасы 16 (он алтыға) жетпеген Сақтандырылған тұлғаның баласы немесе Сақтандырылған тұлға асырауындағы бала.
Полисте көрсетілген сапар шегіп жатқан мемлекеттің аумағы, тәуілігіне 24 сағат.
Бір жолғы
Өнім туралы бейне материал
Сақтандыру ережелері
Сақтандыру шартын бекіту үшін қандай құжаттар қажет
Сақтандырушы жеке тұлға болатын болса:
1. Сақтандырушы, Сақтандырылатын тұлға төлқұжатының көшірмесі.
Сақтандырушы жеке кәсіпкер болатын болса:
1. Сақтандырушы, Сақтандырылатын тұлға төлқұжатының көшірмесі.
Онда жоғарыда көрсетілген құжаттармен қатар, қосымша
2. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасын (бұдан әрі – ЭП анықтамасы) ұсынады. Бұл құжат www.egov.kz порталынан сақтандыру шартына қол қою күнінен бұрын алынуы қажет.
Сақтандырушы заңды тұлға болатын болса:
1. Сақтандырушы, Сақтандырылатын тұлға төлқұжатының көшірмесі.
Онда жоғарыда көрсетілген құжаттармен қатар, қосымша:
2. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтамасы (бұдан әрі – ЭП анықтамасы). Бұл құжат www.egov.kz порталынан сақтандыру шартына қол қою күнінен бұрын алынуы қажет.
3. Жеке басты куәландыратын құжат, заңды тұлға - клиент атынан іс-әрекеттерді жасауға, қаражатпен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды орындауға құжаттарға қол қоюға құқы бар лауазымдық тұлғаның өкілдігін растайтын құжаттарды (сенімхат, сенімгерлік басқару туралы шарт және өзге де құжаттар).
4. Бұйрық, жалпы жиналыстың хаттамасы, директорлар кеңесінің хаттамасы, жалғыз акционердің (құрылтайшының) шешімі немесе жалғыз атқарушы органның немесе басшының немесе алқалық атқарушы органның мүшесі ретінде іс-әрекеттерді жасауды растайтын тұлғаның құжаттарды (ЖШС үшін - жалғыз қатысушының шешімі, қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі, АҚ үшін – жалғыз акционердің шешімі, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі, Директорлар кеңесінің шешімі).
5. Жеке басты куәландыратын құжат, қоғамдық немесе діни бірлестік филиалы немесе өкілдігі басшысы өкілеттілігін (филиалдар мен өкілдіктер үшін) растайтын құжат (сенімхат, діни бірлестік үшін басшысы ретінде тағайындалғаны жөнінде басқару органның хаттамасы, қоғамдық бірлестік үшін басқарушы органды/жарғыны бекіту жөнінде құрылтайшылар съезінің шешімін (сенімхат, мүддені қорғау жөнінде тұлғаға берілген бұйрық) ұсынады.