Еңбекақы төлеу жүйесі
«Халык-Life» АҚ сақтандыру агентінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі - нарықтағы ең заманауи жүйелердің бірі. Сақтандыру агентінің кірісі ол сататын сақтандыру өніміне және жасалған сақтандыру шарттарының көлеміне байланысты.
Табыс мөлшері және оның өсуі
Сақтандыру агентінің кірісі оның еңбегіне байланысты. Сіздің табысыңыз сатып жатқан өніміңізге байланысты және ол бір тоқсандағы жұмыс қорытындысы бойынша есептелген сыйақыңыз мен сыйлықақыңыздың жиынтығынан құралады. Сонымен қатар Сіз сақтандыру Агенттері арасында өткізіліп тұратын түрлі науқан, байқау мен сайыстарға қатыса аласыз. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен ақшалай жүлдеге ие болады.
Бірінші кезеңде күніне бар болғаны екі, үш сағат уақытыңызды жұмсап 15 000 теңгеден артық табыс таба аласыз. Ал өз ісіңізге адал, келісім-шарттарға өте мұқият болсаңыз екі айдан кейін Сіздің табысыңыз толассыз өсе береді.
Шарттардың мерзімі аяқталмас бұрын сақтандыру Агенті Клиентке хабарласып, шартқа қайта қол қойып, жаңа мерзімге ұзарту қажеттілігі жөнінде айту керек. Сонымен Компанияда жаңа Клиенттермен қатар жұмысы бір сарынға қойылған «бұрынғы» Клиенттері қорын толықтыра түстеді. Сондай-ақ Сіз «бұрынғы» Клиенттерге өмірді сақтандырудың жаңа өнімдерін ұсына аласыз. Міне, осы жұмыстың барлығы Сізге ай сайын 200 000 теңгеден артық табыс табуға мүмкіндік береді.