«Life-Қорғау»
Бір жылға жазатайым оқиғадан қолжетімді сақтандыру бағдарламасы! Кез келген адам өзіңе және өз жақындарына қауіпсіз өмірді қалайды, алайда өмірде небір жағдайлар, оқиғалар орын алып жатады. Міне, осы жағдайлардан «Life-Қорғау» бағдарламасын таңдау арқылы, сақтануға болады
Сақтандыру тәуекелдері
-
Сақтандырылған тұлғаның сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі кезінде кез келген себептен қайтыс болуы.
Сіз сақтандыру өтелімдерінің бір немесе бірнеше түрін таңдай аласыз. Олар:
- жазатайым оқиға салдарынан I, II немесе III топ мүгедектігі берілген жағдайда сақтандыру төлемі;
- жазатайым оқиға салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз болып қалу себебінен сақтандыру төлемі;
- жазатайым оқиға салдарынан дене жарақатын алу салдарынан сақтандыру төлемі.
Сақтандыру пайдасы
Сақтандыру шарттары
Сақтандырудың негізгі өтелімі | Төлем көлемі |
Сақтандырылған тұлғаның кез келген себептен қайтыс болуы | Шарт бойынша сақтандыру сомасының 100%-ы |
Сақтандырудың қосымша өтелімі* | |
жазатайым оқиға салдарынан Сақтандырылған тұлғаға I, II немесе III топ мүгедектігі берілген жағдайда | 1) I топ мүгедектігі – қосымша өтелім бойынша сақтандыру сомасының 80%-ы;
2) II топ мүгедектігі – қосымша өтелім бойынша сақтандыру сомасының 50%-ы; 3) III топ мүгедектігі – қосымша өтелім бойынша сақтандыру сомасының 20% -ы. |
жазатайым оқиға салдарынан Сақтанушының уақытша еңбекке жарамсыз болып қалуы* | Емханаға түскеннен алғашқы 7-ші күннен бастап, әр емделген күні үшін қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан 0,2%-ы, бірақ 60 (алпыс) күнтізбелік күннен аспауы қажет. |
жазатайым оқиға салдарынан Сақтанушы дене жарақатын алған кезде | «Дене жарақаттары бойынша сақтандыру төлем кестесіне» сәйкес қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасынан пайызбен есептеліп анықталады (бұл өтелім бойынша сақтандыру сомасы 1 500 000 теңгеден аспауы тиіс) |
*«Жазатайым оқиға салдарынан Сақтанушының уақытша еңбекке жарамсыз болып қалуы» қосымша өтелімі бойынша сақтандыру сомасы сақтанушының ықыласы бойынша таңдалуы мүмкін, алайда ол сома негізгі өтелімнің сомасынан аспауы тиіс. Ал егер де сақтандыру қорғанысы 30 күннен аспайтын мерзімге жасалатын болса, онда бұл өтелімді таңдауға болмайды.
Жоғарыда аталған сақтандыру жағдайлары орын алғанда Компания Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға материалдық шығынды өтеу үшін, әрі жаңа өмірге беймделу үшін сақтандыру төлемін жасайды. |
Жасы 18-ден асқан кез келген жеке тұлға немесе заңды тұлға
6 (алты) мен зейнеткерлік жас аралығындағы кез келген адам
Сақтандыру мерзімін 5 күннен 1 жылға дейін алуға болады
Сақтандыру аумағын клиенттің өзі бекітеді:
1. Қазақстан Республикасы, тәуілігіне 24 сағат;
2. ТМД, тәуілігіне 24 сағат;
3. Бүкіл әлем, тәуілігіне 24 сағат.
Бір жолғы
Сақтандыру шартын бекіту үшін қандай құжаттар қажет:
1. Сақтандыруға өтінім (Компанияның нұсқасы бойынша);
2. Жеке басын куәландыратын құжат (паспорт, тұруға ықтиярхат және т.б.) және Сақтанушының/Сақтандырылушының/Пайда алушының ЖСН, балалар үшін - туу туралы куәлік;
3. КЖ/ТҚҚ (кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы) анықтамасы (Компанияның нұсқасы бойынша).
Тәуекелдерді бағалау маманның сұратуы бойынша қосымша:
- Медициналық құжаттар;
- Қаржы анықтамасы;
- Қаржы құжаттары.