Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға және еңбек шартының жасалғаны туралы ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберуге міндетті.
2024 жылғы 12 ақпаннан бастап жұмыс беруші мен қызметкер арасында жасалынған жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты туралы ақпаратты сақтандыру ұйымы автоматты түрде бірыңғай сақтандыру деректер базасына жібереді, бұл ақпарат келіп, түскеннен кейін «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» туралы ақпараттық жүйеге автоматты түрде орналастырылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, МАҢЫЗДЫ!
Жұмыс берушінің қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуына бақылауды еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары заң бұзушылықтарды анықтаса, айыппұл салынады.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 230-бабының 2-тармағында қызметкерлерді міндетті сақтандыру шарты болмағаны үшін айыппұлдар:
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 160 АЕК (590 720 теңге) мөлшерінде,
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 АЕК (1 476 800 теңге) мөлшерінде,
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000 АЕК (3 692 000 теңге) мөлшерінде салынады.
2024 жылға арналған қызметкерлерді міндетті сақтандыру шарты бойынша ең төменгі сақтандыру сыйлықақысы 85 000 теңгені құрайды.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын Сіз «Халық-Life» АҚ веб-сайтында «ЖОМС полисін сатып алу» бөлімінде онлайн режимінде немесе кодты сканерлеу арқылы жасай аласыз: