Өзгертілген күн 21.09.2024, 07:41
Баспасөз орталығы

«Халық-Life» АҚ 1 тоқсанның қорытындысы бойынша шамамен 3 млрд теңгені құрайтын сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды

29.04.2021

«Халық-Life» АҚ-ның 2021 жылғы алғашқы 3 айдағы сақтандыру қызметінің нәтижелері бойынша өз клиенттеріне 2,9 млрд теңгеден астам сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16% - ға ұлғайып, жалпы ҚР өмірді сақтандыру нарығындағы төлемдер көлемінің 40% - ын құрады.

Бұл ретте зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша 1,4 млрд теңгеден артық сома, жұмыс берушінің жауапкершілік шарттары бойынша 0,5 млрд теңге және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша 0,5 млрд теңгеге жуық төлемдер жүзеге асырылды. Айта кетерлік тағы бір жайт, 2021 жылғы бірінші тоқсанында қызметкерлерді міндетті сақтандыру бойынша реттелген сақтандыру жағдайлары бойынша төлемдер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артты.

Бұл көрсеткіштер «Халық-Life» АҚ-ның, сондай-ақ клиенттердің Компанияға білдірген сенімділіктің жоғары деңгейін тағы да дәлелдей түседі. Бүгінгі таңда Халык-Life өмірді сақтандыру компаниялары арасында сақтандыру төлемдерінің көлемі бойынша көшбасшы болып табылады. Оның қаржылық тұрақтылық рейтингісі «B+» деңгейінде, сондай− ақ халықаралық АM Best рейтингтік агенттігісі бекіткен өмірді сақтандыру бойынша барлық қазақстандық компаниялар арасында ең жоғары «bbb-» кредиттік рейтингісіне ие.