Компания туралы ақпарат
«Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша «Халық-Life» еншілес компаниясы» АҚ 2005 жылғы қарашада еліміздің жетекші банктерінің бірі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның еншілес ұйымы ретінде құрылды. Акцияларының 100%-ы Халық Банкке тиесілі.
2006 жылғы 17 қарашада Компания сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын беретін Лицензияны алды. 2009 жылғы маусымда Компанияға қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын ұсынатын Лицензиясы берілді.
Ал 2016 жылғы 4 қарашада Компанияның бас кеңсе мекенжайының өзгеруіне байланысты жаңартылған №2.2.41 Лицензияны алды.
Компания өмірді сақтандыру саласында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны қайта ресімдеді және 2022 жылғы 11 қазандағы № 2.2.10 жаңартылған лицензиясын алды.
2022 жылғы 28 желтоқсанда Қоғам өмірді сақтандыру саласында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны қайта ресімдеп, № 2.2.12 жаңартылған лицензияны алды.
Тарихы
«Халық-Life» АҚ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ - Компанияның жалғыз акционері және «Халық-Life» АҚ орналастырылған акцияларының 100%-на ие.
Біздің қағидаттар
«Халық-Life» АҚ құрылған сәтінен бастап нақты қағидаттарды басшылыққа алады, олар бүгінгі күнге дейін компанияны бәсекелестерден ерекшелендіріп, Клиенттердің сенімін нығайтуға көмектеседі:
Біздің стратегия
Қаржылық көрсеткіштері
Ресми мәліметтерге сәйкес «Халық-Life» АҚ жарғылық капиталы 01.07.2024ж. жағдай бойынша 11,99 млрд теңгеге тең. 01.07.2024ж. жағдай бойынша активтерінің мөлшері 441,0 млрд теңгені (активтердің көлемі бойынша өмірді сақтандыру компаниялары бойынша 1-ші орында), сақтандыру резервтерінің сомасы 329,0 млрд теңгені, ал меншікті капиталы - 104,4 млрд теңгені құрады.
Қаржылық рейтингтері
Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі «Халық-Life» АҚ-на қаржылық тұрақтылықтың ұзақ мерзімді рейтингін «ВВВ–» деңгейінде және қазақстандық ұлттық меже бойынша «kzAAA» рейтингісін берді. Рейтингтің өзгеру болжамы – «Тұрақты».
Компанияның қаржылық тұрақтылық рейтингісі «B++» деңгейінде және кредиттік рейтингісі «bbb» дәрежесінде. Бұл рейтингтер қазақстандық өмірді сақтандыру компанияларының арасында ең жоғары және АM Best халықаралық рейтингтік агенттігімен берілген.
«Халық-Life» АҚ-ның қызметі саны күн сайын өсіп келе жатқан клиенттердің сенімімен жоғары бағаланады!
Біздің команда
Қызметкерлер – біздің асыл байлығымыз! Әрбір қызметкер өз кәсібінің шебері, өз ісіне жауапты және олардың әрқайсысы ең биік шыңдарды бағындыруға дайын.
Компания орындалу үдерістері өте қызықты жобаларды ұсыну арқылы ұжымдағы қызметкерлер арасындағы достық атмосфераны қалыптастырады.
Біз қызметкерлерге лайықты өмір сүру үшін ең жақсы жағдайларды қамтамасыз ете отырып, оқу курстарын, мансаптық өсу, өзін еркін дамыту мүмкіндіктерін ұсынамыз.