«Халык-Life» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қоғамның Басқарма Төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып Бурибаева Гаухар Асылбековна тағайындалды.
Гаухар Бурибаева 1983 жылы туылған, 2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ 2015 жылы (Ұлыбритания) The London College UCK оқу орнында бизнес-менеджмент саласы бойынша магистр дәрежесін алған. 2021 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын (Мәскеу қ.) тәмамдап, «Цифрлық банкинг және қаржы» бағдарламасы бойынша МВА дәрежесін иеленді.
Гаухар Бурибаеваның қаржы және мемлекеттік саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.
2019–2025 жылдар аралығында Бизнес пен кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорын басқарған.
2013–2017 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық ұйымында қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президент қызметін атқарды.
2025 жылдың ақпаны мен желтоқсан аралығында - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің кеңесшісі (экономикалық блок), Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппараты
Гаухар Асылбековна Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Альянс Банк» АҚ, «Ұлттық көлік логистикасын дамыту орталығы» АҚ (қазіргі «KTЖ Express» АҚ), сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалында басшылық қызметтер атқарған.
Гаухар Бурибаеваны жаңа қызметімен құттықтаймыз және алдағы жұмысына табыс тілейміз.