Құрметті «Зейнетақы аннуитеті» бағдарламасының клиенттері!
Егер сіз бен Компания арасында шарт жасалған күннен бастап 2 жыл өткен болса және шарт сомасы 2026 жылға белгіленген шекті мөлшерге тең немесе одан жоғары болса, біз сізге жаңа ұтымды бағдарламамызды пайдалануды ұсынамыз.
Бұл бағдарлама мыналарға мүмкіндік береді:
• шарт сомасының 11% мөлшерінде дивиденд алуға;
• бекітілген кестеге сәйкес ай сайынғы төлемдердің қазіргі мөлшерін сақтап қалуға.
Бұл сіз үшін неге тиімді?
Сіз тұрақты зейнетақы кірісін алуды жалғастырасыз және қосымша дивидендтерге ие боласыз.
Тәжірибе көрсеткендей, екі жылдан кейін кейбір клиенттер зейнетақы аннуитеті шартын басқа сақтандыру компаниясына ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
Алайда мұндай ауысу кезінде ай сайынғы төлемдердің мөлшері айтарлықтай азаюы мүмкін.
Біздің бағдарлама сізге қосымша артықшылықтар алуға және қолданыстағы төлемдерді сақтауға, сонымен қатар елдегі ең ірі әрі сенімді қаржы топтарының бірінің клиенті болып қала беруге мүмкіндік береді.
Шешім қабылдамас бұрын барлық қолжетімді нұсқалар мен шарттарды мұқият қарастыруды ұсынамыз.
Біздің мамандар сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге және ең тиімді шешімді таңдауға көмектесуге дайын.
Сіз тұрғылықты жеріңіздегі филиалға жүгіне аласыз немесе жеке менеджеріңізбен байланыса аласыз.
Байланыс үшін қысқа нөмір: 7123
(Қазақстандағы барлық ұялы байланыс абоненттері үшін қоңырау тегін).