Тұрақты зейнетақы табысы мәселесі қазақстандықтар үшін өзекті мәселе.
Зейнетақы аннуитеті-бұл азаматтарға өз болашағының қамын ойлаумен шектелмей, сонымен қатар дағдарыс кезінде де зейнетақы төлемдерінің тұрақтылығы мен кепілдігіне сенімді болуға мүмкіндік беретін тиімді құралдардың бірі. Зейнетақы аннуитетіне "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Қор») кепілдік беруі аса маңызды.
Зейнетақы аннуитеті дегеніміз не?
Зейнетақы аннуитеті шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес Қазақстан азаматына өз зейнетақы жинақтарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – «БЖЗҚ») сақтандыру ұйымына аударуға мүмкіндік береді, ал сақтандыру ұйымы өз кезегінде, көп жағдайда зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ, азаматтарға өмір бойы тұрақты ай сайынғы төлемдер алуға мүмкіндік береді.
Мысал ретінде, 2025 жылы жоғарыда айтылған шартты жасасу үшін ең төменгі зейнетақы жинақтары 55 жасқа толған ер азаматтар үшін - 9 123 466 теңгені құрайды, 53 жастағы әйелдер үшін - 11 963 930 теңгені құрайды.
Зейнетақы аннуитеттің тиімділігі неде?
Мерзімінен бұрын Зейнетақы: ресми зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін төлемдерді алу мүмкіндігі.
- Өмір бойы кепілдендірілген төлемдер: экономикалық ауытқуларға қарамастан тұрақты табыс.
- Инфляциядан қорғау: нақты сатып алу қабілетін сақтаудың арқасында, төлемдер жыл сайын индекстеледі.
- Мұрагерлік құқығы: төлемдерді келісілген мерзім ішінде мұрагерлерге беру мүмкіндігі.
- Қор кепілдігі: сақтандыру компаниясы тоқтатылған жағдайда да төлемдердің жалғасуы.
Қордың кепілдік беру механизмінің жұмыс істеу процессі
Қор - "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және құрылтай құжаттары негізінде өз қызметін жүзеге асырады және Қор акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Cақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады.
Сақтандыру компаниясының уақытша әкімшілігінен шарттар тізілімін алғаннан кейін екі жұмыс күнінен кейін Қор төлемдер бойынша міндеттемелерді орындай бастайды. Осылайша, зейнетақы төлемдерінің үздіксіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ете отырып, жинақтаудың сақталу кепілдігі жүзеге асырылады.
Осы шарттың Қазақстандықтар үшін маңызы?
Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру компанияларының бірімен зейнетақы аннуитеті шартын жасаса, Қазақстандықтар өз жинақтарының сақталуына және зейнетақы табысының тұрақтылығына сенімді бола алады. Экономикалық белгісіздік кезеңінде бұл сіздің қаржылық болашағыңызды сенімді жоспарлауға және сақтандыру компанияларының сенімділігі туралы алаңдамауға мүмкіндік беретін маңызды фактор болып табылады.
Зейнетақы аннуитеті - қаржылық қорғаудың құралы бола тұра, бұл болашаққа деген сенімділік пен жанның тыныштығының нышаны.
Ақпарат көзі: ipgf.kz
***
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылған пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады