«Халық-Life» компаниясы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Бурабаев Ерлан Өмірзақұлының дүниеден өтуіне байланысты оның қызметтестеріне, жақын-туыстарына көңіл айтады.
Ерлан Өмірзақұлы Қазақстан Республикасының қаржы секторының дамуына елеулі үлес қосты. Ол өз кәсіби өмірін сақтандыру жүйесін жетілдіріп, қаржылық тұрақтылықты дамыту үшін арнады.
Оның кәсіби қасиеттері, аналитикалық жұмыс тәртібі мен өз ісіне деген үлкен жауапкершілігі қызметтестері мен серіктестерін тәнті етті.
Оның басшылығымен сақтандыру саласының ірі жобалары және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры жүйесі іске асырылды.
Қайғыларыңызға ортақпыз.