S&P Global Ratings «Халык-Life» АҚ-ның капитал моделінің жаңартылған критерийлеріне сәйкес қаржылық тұрақтылығының ұзақ мерзімді рейтингін «BBB-» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжамы «Тұрақты» деңгейінде қалды.
Компанияның капиталдандырудағы жоғары деңгейі мен табыстылық көрсеткіштері оның сенімділігін растайды, бұл ретте капиталдың жеткіліктілік деңгейі сенімділік интервалынан 99,99% -ға асып түседі.
Өмірді сақтандыру нарығындағы көшбасшылық
S&P Global Ratings сарапшылары «Халык-Life» АҚ Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығындағы көшбасшылық шебін жалғастыра беретінін атап өтті.
«Компания қол қойылған сақтандыру сыйақысы – брутто мен сектордың жалпы активтерінің 30%-дан көп мөлшерін иелене отырып, өзінің нарықтағы берік шебін сақтайды. Халык-Life» компаниясының қаржылық профилін нығайту капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің өсуімен, жоғары өтімділікпен және активтерді орналастырудың теңгерімделген стратегиясымен қамтамасыз етіледі», - деп көрсетілген рейтингтік агенттігінің есебінде.
Тұрақтылық пен Клиенттердің сенімділігі
«Халык-Life» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Айдос Беков рейтингтік деңгейді растаудың маңыздылығын атап өтті:
«S&P Global Ratings біздің жұмысымызды тағы да жоғары бағалағанына қуаныштымыз. Өмірді сақтандыру саласындағы үздік рейтингтердің бірін растау біздің стратегиямыздың тиімділігін және компанияның тұрақтылығын көрсетеді. Бұл өз сақтандыру полистері мен жарналарының сақталуына сеніммен қарайтын клиенттеріміздің Компанияға деген сенімін нығайтады».
«Халык-Life» АҚ өз клиенттеріне қаржылық қолдау көрсетуді қамтамасыз етіп, Қазақстанның сақтандыру секторындағы өз шебін нығайта отырып, өзінің даму стратегиясын сенімді түрде жалғастыруда.
«Халық-Life» АҚ – Қазақстанның Халық Банкінің өмір сақтандыру бойынша еншілес компаниясы, 2005 жылы құрылған. Қазақстандағы сақтандыру сыйақыларының көлемі бойынша көшбасшы және «өмір сақтандыру» қаржылық көрсеткіштері бойынша көшбасшы. 2006 жылы өмір сақтандыру лицензиясы берілді, 28.12.2022 жылы №2.2.12 сақтандырудың жаңа түрі қосылғаны үшін жаңартылды. Компания «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының» мүшесі.
S&P Global Ratings – қаржылық және шикізат нарығындағы кредиттік рейтингтер, салыстырмалы көрсеткіштер, зерттеулер және бизнес-шешімдер беретін халықаралық компания.