Құрметті, «Халық – Life» АҚ клиенттері!
Осы хабарлама арқылы Директорлар кеңесінің шешімімен «Халық-Қазына» өмірді аралас сақтандыру ережелеріне (ІНҚ-СЕ-26, 4-басылым) (бұдан әрі – Сақтандыру ережелері) № 2 өзгерістер мен толықтырулардың бекітілгендігі туралы хабарлаймыз.
«Халық-Қазына» өмірді сақтандыру шарттарының талаптарын жақсарту мақсатында, осы № 2 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды (ІНҚ-СЕ-26, 4-басылым) осы бекітулер, жаңа редакциядағы Сақтандыру ережелерінің 91-тармағын қоспағанда, бұрын жасалған шарттарға қолданылады.
Сақтандыру шартына енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулармен келіспеген жағдайда, сіздің сақтандыру шартының өзінде көзделген шарттарға сәйкес сақтандыру шартын бұзуға құқыңыз бар.
Сізден «Халық-Қазына» өмірді аралас сақтандыру ережелеріне (ІНҚ-СЕ-26, 4-басылым) (бұдан әрі – Сақтандыру ережелері) жасалынған № 2 өзгерістермен және толықтырулармен және Сақтандыру ережелерімен танысуыңызды және келешекте жоғарыда аталған талаптарды басшылыққа алуыңызды сұраймыз.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер және/немесе толықтырулар осы хабарлама «Халық – Life» АҚ интернет-ресурсында жарияланған күннен кейінгі бірінші жұмыс күні күшіне енеді.
Барлық сұрақтар бойынша «Халық – Life» АҚ байланыс орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз.