2023 жылдың нәтижесі бойынша «Халық-Life» АҚ-ның 22 мыңнан астам клиенті компанияның инвестициялық қызметінен қосымша табыс алады. Компанияның Басқарма кеңесінің шешімімен 316,6 млн теңге өмірді сақтандыру жинақтаушы шарттарын жасасқан сақтанушылар арасында бөлінеді.
Бұл қаражат клиенттерге бонустық төлемдер көлемінде қосымша сақтандыру қорғаныcтарын сатып алу мүмкіндігін беретін сақтандыру дивидендтерін есептеуге жұмсалады. Осының нәтижесінде өмірді сақтандыру жинақтаушы шарттары бойынша сақтандырудың жалпы сомасы 408,2 млн теңгеге артады.
Бұл қадам «Халық-Life» АҚ клиенттерінің қаржылық нәтижелерін жақсартуға және компания инвестициялық қызметінен алынған табыстылық есебінен олардың сақтандыру қорғаныстарын күшейтуге мүмкіндік береді.