Өзгертілген күн 21.09.2024, 07:41
Баспасөз орталығы

"Халық-Life" компаниясы өмірді сақтандыру тақырыбына арналған республикалық байқау нәтижелерін шығарды

14.10.2024

Байқау 2024 жылдың 1 сәуірі мен 30 қыркүйек аралығында өтті. Байқауға ақпараттық сайттардағы мақалалар, видеосюжеттер мен подкасттар қатысты. Байқаудың басты мақсаты – біздің елімізде өмірді сақтандырудың әлеуметтік рөлін күшейту және сақтандыру материалдарын шығару арқылы сақтандыру мәдениетін көтеру.

 4 номинация бойынша 12 жеңімпаз анықталды:

- «Интернет желісіндегі үздік жұмыс» (қазақ тілінде):

1 орын, Гәкку Асылбекқызы (Көкшетау), «Өмірді сақтандыру – отбасыңыз үшін қаржылық қауіпсіздік пен сенімділік»;

2 орын, Эльмира Байназарова (Тараз), «Өміріңізді сақтандырдыңыз ба?»;

3 орын, Асхан Майлыбаева (Шымкент), «Сақтықта қорлық жоқ деген сөз бар емес пе?»;

 - «Үздік видеожұмыс (қазақ тілінде; формат: телебағдарлама, видеосюжет, Youtube желісіндегі видео)»:

1 орын, Маржан Ордабай (Астана), TV24.kz, «Сарапшы пікірі. Өмірді сақтандыру қаншалықты маңызды?»;

2 орын, Замира Сағынбайқызы (Ақтау), Mangystau tv, «Төрлетіңіз - Қаржыны басқару мәдениеті қандай?»;

3 орын, Орынгүл Бектлеуова (Атырау), Caspian News, «Қарызсыз қоғам/ Балаға қанша жастан бастап ақша беру керек?».

- «Интернет желісіндегі үздік жұмыс» (орыс тілінде)

1 орын, Ирина Волкова (Павлодар), «Неизвестная сторона невыпитого кофе, или когда травма не твоя головная боль»;

2 орын, Мархабат Шыбынтаева (Семей), «Страхование жизни – это подушка безопасности»;

3 орын, Амин Абдулманов (Алматы), «Как развивается рынок страхования жизни в Казахстане? Взгляд Halyk-Life»;

- «Үздік видеожұмыс (орыс тілінде; формат: телебағдарлама, видеосюжет, Youtube желісіндегі видео)»    

1 орын, Рустам Жамлиханов (Қарағанды), Новое телевидение, «Halyk Life/ Страхование жизни»;

2 орын, Абраменко Нина (Қостанай), Информбюро 31, «Как накопить «финансовую подушку» на будущее ребенка?»;

3 орын, Буланов Артём (Павлодар), Irbistv, «Забота о детях с «Bilim-Life».

«Халық-Life» АҚ басқармасының төрайымы Жанар Жұбаниязова осындай байқаудың талантты журналистерді қолдап және өмірді сақтандыру саласындағы журналистік жобалардың сапасын арттырудағы маңыздылығын  атап өтті.

Қазылар алқасының төрағасы Ерлан Бурабаев халықты сақтандыру мүмкіндіктері туралы ақпараттандырудың қажеттілігін атап өтті.

Байқау өмір сақтандыру туралы ақпаратты таратуға және елдегі қаржылық сауаттылықты жақсартуға ықпал етті.

Жеңімпаздарды марапаттау «Халық-Life» АҚ  өңірлік филиалдарында өтеді.