Өзгертілген күн 21.09.2024, 07:41
Баспасөз орталығы

«Халық-Life» АҚ сақтандырылған балаларға жарақат алған жағдайда 1 млн теңгеге дейін төлейді

23.07.2024

«Халық-Life» АҚ балаларға арналған «Балам» атты жаңа сақтандыру бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарлама балалардың жарақаттануынан кейін болатын ем-шара, күтім шығындарын 1 миллион теңгеге дейін өтей алады.      

Қазақстанда балалардың жарақаттануы назар аударуды қажет ететін үлкен проблема.  Балалар күнделікті алуан түрлі жарақат алып жатады, ол жарақаттар баланың денсаулығына зақым келтіреді және эмоциялық әсер етеді.  Бала жарақаттарының негізгі себептері, жол-көлік апаттары, балалар алаңында орын алатын оқыс жағдайлар, үйде, суда және спортпен шұғылданудан шығады. 

«Балам» сақтандыру өнімі – баланың жарақат алған жағдайда сапалы медициналық көмек, күтім-сауықтыруға қажетті қаржылық көмек алуын қамтамасыз ететін ерікті сақтандыру полисі.

Бұл полисті кез келген ата-ана HalykLife мобильді қосымшасында рәсімдей алады.  Төлемдер 3 жұмыс күн ішінде төленеді.

 «Балам» сақтандыру бағдарламасының артықшылығы – баланы туғанынан бастап 18 жасына дейін сақтандыра аласыз. Сақтандыру сомасы 1 миллион теңгеге дейін болатын қорғаныс 1 жыл бойы, 24 сағат бойынша дүниенің әр түкпірінде қызмет етеді.

«Қазақстанда алған жарақаттар нәтижесінде  балаларды ауруханаға жатқызуға себеп болады.   Бауыр етіміз балаларымыз табиғатынан белсенді, әуестенгіш. Дүниені тануға талпынған балапандарымыз жарақаттанып, аяқ-қолдарын шығарып, сындырып алып жатады. Сондықтан әрбір ата-ананың басты міндеті – баласын жақсы көріп қана қоймай, осындай жарақаттардан қаржылай сақтайтын полис ашу.  Балалардың «ойындарының» салдары отбасылық бюджетке едәуір әсер ететіні белгілі. Қаржыңыз жетпей қалуы мүмкін. Сол себепті балаларыңызды сақтандырғаныңыз абзал.  

1 миллион теңгеге дейін сақтандыру төлемін қамтамасыз ететін сақтандыру өнімін жасап шығардық.  Барынша ыңғайлы, оңай әрі тез болу үшін бұл полисті кез келген ата – ана  HalykLife мобильді қосымшасынан сатып ала алады», - деді  «Халық-Life» АҚ төрайымы   Жанар Жұбаниязова.

Halyk life мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз 

google play    app store