«Халық-Life» АҚ капиталдың жаңаланған дәрежелеріне сәйкес «ВВВ-» рейтингі «Тұрақты» болжамында расталды. Капитал мен кірістіліктің жаңа өлшемдеріне сәйкес «Халық-Life» АҚ қанағаттанарлық дәрежеде, алайда капиталдың жеткіліктілігі 99,8% асады.
Келешекте 24 ай бойынша «Халық-Life» АҚ өмір сақтандыру нарығында мықты бәсекелестік тұрақтылығын сақтап қалады, консервативті инвестициялық саясатын ұстанып, капитал қорын сақтайды.
S&P Global Ratings аналитиктерінің болжамы бойынша, «Халық-Life» АҚ өмір сақтандыру нарығында басымды бәсекелестік позициясын ұстанады. «Сақтандыру компаниясы 30% астам сақтандыру премиясы бар нарық бөлігін және нарықтың активтерін сақтап қалады. «Халық-Life» АҚ қаржылық тәуекелдеріне капиталдың жеткіліктілігі, өтімділігінің жақсы көрсеткіштері және активтерді бөлудің салмақты саясаты әсер етеді».
Сонымен қатар S&P Global Ratings аналитиктерінің есебінше, «Халық-Life» АҚ рейтингі, Халық Банк АҚ-нан едәуір жоғары. Себебі, Қазақстандағы реттеу режимі сақтандыру компаниясын қолдау мақсатында оның қаржысының сыртқа шығуына шектеу қояды.
«Халық-Life» АҚ Басқарма төрайымы Жұбаниязова Жанар: «S&P Global Ratings халықаралық агенттігі біздің жұмысымызды қайта жоғары бағалағаны үшін ризамыз. Өмір сақтандыру компанияларының үздігі атанған «Халык-Life» АҚ қаржылық тұрақтылығының расталуы біздің тұрақты қаржылық көрсеткіштерімізді және дамуымыздың тиімділігін көрсетеді. Бұл жайт біздің компаниямыздың сенімділігін көрсетеді және клиенттеріміздің бізге деген сенімін күшейтеді. Сақтандыру жарналары мен полистері сенімді қорғалғанына сенімді бола алады».
«Халық-Life» АҚ – Қазақстанның Халық Банкінің өмір сақтандыру бойынша еншілес компаниясы, 2005 жылы құрылған. Қазақстандағы сақтандыру сыйақыларының көлемі бойынша көшбасшы және «өмір сақтандыру» қаржылық көрсеткіштері бойынша көшбасшы. 2006 жылы өмір сақтандыру лицензиясы берілді, 28.12.2022 жылы №2.2.12 сақтандырудың жаңа түрі қосылғаны үшін жаңартылды. Компания «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының» мүшесі.
S&P Global Ratings – қаржылық және шикізат нарығындағы кредиттік рейтингтер, салыстырмалы көрсеткіштер, зерттеулер және бизнес-шешімдер беретін халықаралық компания.