Бұл байқау дарынды журналистерді қолдау және сақтандыру саласындағы журналистік материалдардың сапасын көтеруге арналады.
Байқаудың басты мақсаты – біздің елімізде өмірді сақтандырудың әлеуметтік рөлін күшейту және сақтандыру материалдарын шығару арқылы сақтандыру мәдениетін көтеру.
Байқауға қатысатын жұмыстар 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Байқау нәтижесі 14 қазанда өтеді.
12 Байқау жеңімпазы 4 номинация бойынша анықталады:
- «Интернет желісіндегі үздік жұмыс» (қазақ тілінде)
- «Үздік видеожұмыс (қазақ тілінде; формат: телебағдарлама, видеосюжет, Youtube желісіндегі видео)»
- «Интернет желісіндегі үздік жұмыс» (орыс тілінде)
- «Үздік видеожұмыс (орыс тілінде; формат: телебағдарлама, видеосюжет, Youtube желісіндегі видео)»
Ақшалай сыйлықтар:
1 орын: 500 000 (бес жүз мың) теңге;
2 орын: 300 000 (үш жүз мың) теңге;
3 орын: 200 000 (екі жүз мың) теңге.
Өмірді сақтандыру жайлы жасалған үздік жұмыстар байқауын өткізу шарттары
Тел.: +7(727)244-62-22, ішкі номер: 52505, 52501
Эл. пошта: almaz@halyklife.kz