«Халық-Life» АҚ Қазақстанның сақтандыру секторында алғаш рет таза кірісі бойынша Cақтандыру компанияларының арасында бірінші орынға шығып, 01.01.2024 жылғы жағдай бойынша 52,4 млрд теңге кіріс алып, «ең табысты сақтандыру компаниясы» мәртебесін алды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2023 жылғы қорытындысы бойынша ресми деректер негізінде Компания барлық қаржылық көрсеткіштері бойынша өмірді сақтандыру саласында көшбасшы болып табылады. Компанияның активтері өткен жылы 29%-ға өсіп, 365,2 млрд теңгені құрады. Меншікті капиталы 72%-ға өсіп, 96,9 млрд теңгені құрады.
Өткен жылдың соңында 1,3 миллионнан астам клиент «Халық-Life» АҚ-на сақтандыру қорғаныстарын сеніп тапсырды. Компанияның сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 165,5 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, Компания өз клиенттеріне 26,3 млрд теңге сомасында сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды, бұл 2023 жылғы өмірді сақтандыру компанияларымен төленген барлық төлемдердің 38%-ын құрайды.
Болашағыңызды жоспарлап, алдағы мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін сақтандыру саласындағы ең сенімді серіктесті таңдаңыз!