Құрметті, Клиенттер!
"Халық-Life" АҚ өмірді ерікті жинақтаушы сақтандыру қағидаларын бекіту туралы хабарлайды
2023 жылғы 12 желтоқсанда Директорлар кеңесінің шешімімен Өмірді ерікті жинақтаушы сақтандыру ережелері (ІНҚ-СЕ-38, 1 басылым) бекітілгенін хабарлаймыз.
Өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттарының (бұдан әрі – Сақтандыру шарты) талаптарын жақсарту мақсатында мынадай ішкі құжаттарға сәйкес:
1) Пайдаға қатысу арқылы ерікті кейінге қалдырылған аннуитеттік сақтандыру ережелері («Life-Renta+» бағдарламасы) (ІНҚ-СЕ-04, 1-басылым);
2) «Life-Персона» өмірді сақтандыру ережелері (ІНҚ-СЕ-32, 1-басылым);
3) Пайдаға қатысу арқылы өмірді аралас сақтандыру ережелері («Бәйтерек» сақтандыру бағдарламасы) (ІНҚ-СЕ-01, 1, 2, 3-басылымдары);
4) Пайдаға қатысу арқылы баланың пайдасына өмірді аралас сақтандыру ережелері (Болашақ-Life бағдарламасы) (ІНҚ-СЕ-02, 1, 2-басылымдар);
5) Пайдаға қатысу арқылы өмірді аралас сақтандыру ережелері (қосымша өтеммен) («Life- Инвест+» бағдарламасы) (ІНҚ-СЕ-12, 1, 2-басылымдар);
6) «Тұмар» өмірді сақтандыру ережелері (ІНҚ-СЕ-03, 1-басылым);
5) Правила смешанного страхования жизни с участием в прибыли (с дополнительными покрытиями) (программа "Life-Инвест+") (ВНД-ПС-12, издания 1, 2);
6) Правила страхования жизни "Тұмар" (ІНҚ-СЕ-03, 1-басылым);
«Халык -Life» АҚ жоғарыда көрсетілген ішкі құжаттарына сәйкес жасалған Сақтандыру шарттарына Өмірді жинақтаушы сақтандыру ережелерінің (ІНҚ-СЕ-38, 1-басылым) келесі нормалары қолданылады деген шешім қабылданды:
1) «Жалпы ережелер» 1-бөліміндегі:
21-тармақтың 1) тармақшасы, 22 және 23-тармақтары (6-тарау. «Сақтандыру сыйлықақысын төлеуді кешіктіру»);
26 және 27-тармақтар (7-тарау. «Сақтандыру шартын қалпына келтіру»);
2) "Сақтандыру шартының негiзгi қамтамасыз етуi" 2-бөлiмiндегі:
94-тармақ (19-тарау. «Сақтандыру төлемінің сомасы»);
20-тарау. «Сақтандыру жағдайының басталғанын растайтын құжаттардың тізбесі»;
3) «Сақтандыру шартын қосымша өтемдерінің жалпы талаптары» 3-бөлімдегі:
116–122-тармақтар (24-тарау. «Сақтандыру жағдайының басталғанын растайтын
құжаттардың тізбесі»);
25-тарау. «Сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан бас тарту негіздері».
Сақтандыру шартына енгізілген өзгерістермен және/немесе толықтырулармен келіспеген жағдайда, Сіз сақтандыру шартының өзінде көзделген шарттарға сәйкес Сақтандыру шартын бұзуға құқылысыз.
Сізден өмірді сақтандыру ережелерімен (ІНҚ-СЕ-38, 1 басылым) танысуыңызды және болашақта жоғарыда аталған нормаларды басшылыққа алуыңызды сұраймыз.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер және/немесе толықтырулар осы хабарлама «Халык -Life» АҚ интернет-ресурсында жарияланған күннен кейінгі бірінші жұмыс күні күшіне енеді.
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз:
7123 (ҚР барлық ұялы байланыс абоненттері үшін қоңырау шалу тегін)