«Халык-Life» АҚ «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ және басқа да жоғары оқу орындарының студенттері үшін InsureTechHackaton хакатонын өткізеді.
InsureTechHackaton – ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды студенттерді анықтауға және қолдауға бағытталған негізгі іс-шара.
Іс-шара сақтандыру саласы мен IT-технологиясының саласын біріктіре отырып, 4000-нан астам студент аудиториясын қамтиды. Бұл ХАТУ студенттері үшін білімдерін сынауға және «Халык-Life» командасына қосылуға тамаша мүмкіндік.
Хакатонға қатысуға өтінімдерді қабылдау: 15.01.2024 жылдан 26.01.2024 жылға дейін.
Хакатон өткізілетін уақыты мен орны: 27-28 қаңтар, Алматы қ., Толе би к-сі, 59 , «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ ғимаратында.
Ұйымдастырушы: «Халық-Life» Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша еншілес компаниясы» акционерлік қоғамы.
Серіктес: «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ (ХАТУ), «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ.
Хакатонның жалпы жүлде қоры 1,5 миллион теңгені құрайды:
Бірінші орын – 800 000 (сегіз жүз мың) теңге;
Екінші орын – 400 000 (төрт жүз мың) теңге;
Үшінші орын (1) – 150 000 (жүз елу мың) теңге;
Үшінші орын (2) – 150 000 (жүз елу мың) теңге.
InsurTechHackathon хакатонына қатысатын команда құрамында үштен беске дейінгі адам мүше бола алады.
Хакатонға мүшелер саны қалыптасқан команда өтініш бере алады.
Сонымен қатар, жеке студенттер (қатысушылар) де өтінім бере алады. Жеке өтінім берген студенттер (қатысушылар) үшін 27.01.2024 жылы тіркеуден өту барысында хакатон ұйымдастырушылары өздері командалар құрады.
Команда мүшелері келесі дағдыларға ие болуы керек:
- Техникалық дағдылары: бағдарламалау тілдерін пайдалану білімі мен тәжірибесі (мысалы, frontend үшін JavaScript, Java, Python, C# немесе backend үшін Go).
- Фреймворктермен жұмыс тәжірибесі (мысалы, frontend үшін React немесе Vue, backend үшін Node.js, Django). Деректер базасының принциптерін түсіну және олармен жұмыс жасай алу тәжірибесі. API және веб-сервистермен жұмыс істеу негіздерін білу.
- Тәжірибе және портфолио: портфолио немесе алдыңғы жобалардың мысалдарын ұсыну. Ұқсас іс-шараларға қатысу тәжірибесі (хакатондар, бағдарламалау конкурстары).
- Командалық жұмыс дағдылары: Командада тиімді жұмыс атқара алу қабілеті. Agile командалық жобаларындағы жұмыс тәжірибесі.
- Мәселелік – анықтамалық ой-сана: инновациялық және практикалық шешімдерді таба білу. Күрделі мәселелерді талдай және шеше білу.
- Қарым-қатынас дағдылары: өзінің идеялары мен шешімдерін ашық және анық жеткізе білу. Әділ қазылар алқасы немесе аудитория алдында өз жұмысын ұсынып, қорғай алуға.
- Білімі мен біліктілігі: IT мамандықтарының студенті немесе түлегі.
- Жеке қасиеттері: бастамашылдық, жауапкершілік, белсенділік. Оқуға және дамуға деген ұмтылыс.