«Біздің компания Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығында өзінің көшбасшы ретіндегі позициясын тағы да дәлелдеді. Мұндай рейтинг компаниямыздың қаржылық сенімділігі мен сақтандыру бойынша барлық міндеттемелерін орындау мүмкіндігінің әлемге әйгілі халықаралық рейтинг агенттігінің тәуелсіз бағалауы арқылы ұзақ мерзімді перспективада расталғанын білдіреді. Рейтингті ала отырып, біз, ең алдымен, өз клиенттеріміз бен серіктестерімізге қаржылық тұрақтылығымызды қосымша растауға тырысамыз. Өйткені өмірді сақтандыру саласындағы ынтымақтастық ұзақ жылдарға құрылады», - деді, Басқарма Төрағасының орынбасары Мейіржан Медеубаев.
Өзгертілген күн
21.09.2024, 07:41
Баспасөз орталығы
S&P халықаралық рейтингтік агенттігі «Halyk-Life» АҚ ағымдағы қаржылық тұрақтылық рейтингін "BBB-"деңгейінде растады
25.08.2023
Жыл сайын рейтингтерді жаңалайтын S&P халықаралық рейтингтік агенттігі «Halyk-Life» АҚ ағымдағы қаржылық тұрақтылық рейтингін "BBB-"деңгейінде "Тұрақты" болжаммен растады. Ұлттық шкала бойынша рейтинг "kzAAA" деңгейінде қалды.
Басқа жаңалықтар
25.10.2024