Құрметті "Халық-Life"АҚ клиенттері мен серіктестері!
Біздің Компания Halyk Bank-пен бірлесіп «Бәйтерек» өмірді сақтандыру өнімін іске асыру бойынша жаңа жобаны іске қосқаны туралы қуанышпен хабарлайды.
Жоба бүгіннен бастап, яғни 5 маусымнан бастап Алматы және Өскемен қалаларындағы Halyk-тың бес бөлімшесінде іске қосылды. Осы кезегінде бұл жоба банк бөлімшелерінің клиенттеріне Halyk тобының компаниялары иеленетін банктік, сақтандыру және инвестициялық қызметтерді қоса алғанда, қаржылық қызметтердің ауқымды тізбесіне шектеусіз қолжетімділікті ашады.
Арнайы ұйымдастырылған Компанияның бренд-аймағында өмірді сақтандыру полисін ресімдейтін әрбір клиент кепілдендірілген сыйлық алады.
Сонымен қатар, осы жоба аясында «Халық-Life»-тың клиенттері «Миллионға жүлделер» атты науқанына қатыса алады. Науқанға қатысқан кез келген адам Sulpak дүкенінен 240 мың теңге немесе 100 мың теңге номиналды сертификаттың иегері бола алады. Ол үшін 01.04.2023 ж. мен 30.11.2023 ж. аралығында «Бәйтерек» бағдарламасы бойынша жылдық сыйлықақысы 240 000 теңгеден кем болмайтын өмірді сақтандыру шартын ресімдеу қажет.
Құрметті клиенттер, келесі мекенжайлардағы Halyk бөлімшелері Сіздерге ыңғайлы және тиімді қаржылық қызметтерді пайдаланудың бірегей мүмкіндігін ұсынады:
Алматы қаласында:
- Абай даңғылы, 109 В
- Самал 2, 111 үй
- Әл-Фараби даңғылы, 34
- Гоголь көшесі, 91
Өскемен қаласында:
- М. Горький 21/1
Толығырақ ақпарат алу үшін Компанияның байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз: 7123