2022 жылғы 29 желтоқсан, Алматы – «Халық – Life» АҚ Қазақстандағы барлық өмірді сақтандыру компаниялары арасында бірінші болып мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (бұдан әрі - МБЖЖ) қатысуға лицензия алды. МБЖЖ - бұл елдегі кез келген азаматы үшін баласына Қазақстанда немесе шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім төлеуге жеткілікті қаражат жинақтауға бірегей мүмкіндік беретін сақтандыру өнімі. Осылайша, МБЖЖ шеңберінде өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасасу арқылы ата - аналар баланы оқытуға қаражат жинақтай алады, бұл ретте олар жинақтау сомасына жылдық 5% мөлшерінде, ал көп балалы отбасылар жылдық 7% мемлекеттік сыйлықақыны алатын болады.
«Бүгінде Қазақстан нарығында МБЖЖ - бұл мемлекеттің субсидиясы бар алғашқы және бірегей сақтандыру өнімі. Біз, өз тарапымыздан осы лицензияны бірінші болып алғанымызға және жақын арада бұл өнімді өз клиенттерімізге ұсына алатынымызға қуаныштымыз. Жалпы, баланың болашағына салынатын ең маңызды инвестициялардың бірі оған сапалы білім беру екені баршаға белгілі, сондықтан ата-аналар үшін жинақтаудың ең сапалы және перспективалы қаржы құралдарын қазірдің өзінде мұқият таңдау өте маңызды. МБЖЖ - бұл банктік депозиттермен бәсекеге түсетін жаңа қаржы құралы болмақ. Өйткені, бұл өнім балаға оның ата-анасының біреуі кенеттен өмірден қайтса немесе еңбекке жарамсыз болған жағдайда жинақталған соманың көлеміне қарамастан оқудың толық құнын төлеуге кепілдік береді», - деді өз сөзінде Басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.
МБЖЖ шеңберінде өмірді сақтандыру қолма-қол ақшаны ұзақ мерзімді жинақтау құралы ретінде бірқатар елеулі артықшылықтарға ие. Осылайша, өнім бойынша кірістілік мөлшерлемесі сақтандыру шартының бүкіл қолданылу мерзіміне кепілдік беріледі. Сондай-ақ, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдігі толық жинақталған соманы жабады, ең бастысы, ата-анасы еңбекке қабілеттілігінен айырылғанда немесе қайтыс болған жағдайда, жинақталған сомаға қарамастан оқудың толық құны төленетін болады. Сонымен қатар, МБЖЖ клиенттері салықтарды үнемдеуге – салық салынатын кірісті сақтандыру сыйлықақыларының сомасына азайтуға мүмкіндік алады (күнтізбелік жылда 320 АЕК дейін). Бұл ретте сақтандыру жарналарының мерзімі мен мөлшері шектелмейді. Сондай-ақ, егер бала болашақта білім алу грантын жеңіп алатын болса, онда жинақтарды толығымен шешіп алуға немесе сақтандыруды басқа баланың атына ресімдеуге болады.
Анықтама үшін: «Халық-Life» АҚ – «Халық-Life» өмірді сақтандыру бойынша Қазақстан Халық Банкінің еншілес компаниясы» АҚ 2005 жылы құрылған. Компанияның меншікті капиталы 56,040 млрд теңгені құрайды. Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі бойынша оның қаржылық тұрақтылықтың рейтингісі «ВВВ-» деңгейіндегі және қазақстандық ұлттық межесі бойынша «kzAAA» дәрежесінде. Рейтингтердің болжамы - «Тұрақты». АМ Best халықаралық рейтингтік агенттігі бойынша қаржылық тұрақтылық рейтингісі «B+» деңгейінде және кредиттік рейтингісі «bbb-» деңгейінде. «Халық-Life» АҚ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ қатысушысы болып табылады. Оның жалғыз акционері Қазақстанның ең ірі банкі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына Лицензиясы 2006 жылы берілді. Компанияның Лицензиясы жаңа өнімді алумен байланысты 2022 жылғы 28 желтоқсанда №2.2.12 болып жаңартылды.