Өзгертілген күн 21.09.2024, 07:41
Баспасөз орталығы

Жасыл қала

30.10.2022

Осы жылдың көктемінде Қазақстанның көптеген қалаларында Компания қызметкерлері қалаларды көгалдандыруға бағытталған әлеуметтік науқандарға қатысты.

2022 жылғы сәуірде Орал қаласы әкімдігінің қаланың қоғамдық орындарын көгалдандыру және қала аумағында қолайлы экологиялық ортаны қолдау жөніндегі жолдауын іс-жүзіне асыру мақсатында Компанияның Орал қаласындағы филиалының қызметкерлері «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы, «Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ-ы, «Халық-Инкассация» ЖШС-гі және «Қазтелепорт» АҚ-ы филиалдарының ұжымдарымен бірлесіп Орал қаласындағы қалалық мәдениет және демалыс саябағында 30 қайың ағашын отырғызды.

Дәл осындай науқанды сәуірде «Халық-Life» АҚ-ның Атырау қаласындағы филиалының қызметкерлері де өткізді. Олар өз күштерімен № 19 қалалық балабақшада жеміс ағаштары мен бақша гүлдерін отырғызды. Науқанға филиалдың барлық қызметкерлері білек сыбана кірісті. Осы атқарған игі іс үшін «Халық-Life» АҚ-ның филиал ұжымына қала әкімдігі мен мектепке дейінгі ұйым әкімшілігі өз алғысын білдірді.

Мамырда еліміздің шығысында Компанияның Өскемен қаласындағы филиалы өз әріптестеріне қосылды. Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің және ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен филиал қызметкерлері «Жақсылық жаса» қалалық акциясына белсенді қатысып, өте маңызды іс жасады. Өскемен қаласындағы Назарбаев даңғылында жас қарағай, алма және қайың ағаштарын отырғызды. Сонымен қатар, 1 маусымда Компания филиалы балаларды мерекемен құттықтады. Іс-шара Өскемен қаласының білім бөлімі және Орталық балалар кітапханасымен бірлесіп өткізілді.

Сондай-ақ, Компанияның Қарағанды қаласындағы филиалының қызметкерлері де елді көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Филиал қызметкерлері «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Теміртау филиалымен бірлесіп, «Ағаш отырғызу» науқаны аясында, Теміртау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектептің аумағына 70-тен астам көшет отырғызды.