Бүгін «Халық-Life» өмірді сақтандыру Компаниясы журналистер арасында ҚР-дағы өмірді сақтандыру туралы үздік материалға республикалық байқаудың басталғаны жөнінде жариялады.
Байқаудың мақсаты - сақтандыру институтының әлеуметтік маңыздылығын насихаттау және халықтың сақтандыру мәдениетін арттыру, сондай-ақ журналистерді Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығының өзекті мәселелерін жариялауға ынталандыру болып табылады.
«Өткен жылы біздің Компания отандық өмірді сақтандыру нарығының тарихында тұңғыш рет журналистер арасында Қазақстандағы өмірді сақтандыру туралы үздік материалға республикалық байқауды өткізген болатын. Байқау қорытындысы бойынша біз бірқатар қызықты материалдар алдық. Авторлар өз жұмыстарында тақырыпты қамтудың әртүрлі тәсілдерін қолданып, клиенттеріміз де өздерінің бастарынан өткен шынайы оқиғаларын ашып айтты. Біз үшін бұл байқау өте маңызды шара болды, өйткені елімізде өмірді сақтандыру мәдениеті әлі де айтарлықтай дамымаған. Биылғы байқау өткен байқаудан жүлде қорының көлемімен ерекшеленеді. Егер өткен байқауда небәрі 3 жүлделі орын қарастырылған болса, осы байқауда біз үш номинация бойынша 18 жүлделі орынды беруді көздеп отырмыз. Бұл ретте біз мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдарды бірдей қарайтын боламыз. Биыл өңірлерге жұмыс сапары аясында, біз 130 - дан астам жергілікті журналистермен және блогерлермен кездесіп, республикалық және елордалық БАҚ өкілдеріне ғана емес, өңірлік БАҚ өкілдеріне де мүмкіндік беру керектігін түсіндік», - деді өз сөзінде Компанияның Басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.
Байқау үш номинация бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі: «Үздік бейне жұмыс (телебағдарлама, бейнесюжет, бейнерепортаж)», «БАҚ-тағы үздік жарияланым (мақала, сұхбат және т.б.)» және «Интернеттегі үздік жұмыс».
Номинациялардың әрқайсысында жеңімпаздарға 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық қарастырылған, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше 300 мың және 200 мың теңге алады.
Қатысуға 2022 жылғы 1 қазан мен 2023 жылғы 1 маусым аралығында республикалық, облыстық, өңірлік ТВ, баспа басылымдарында, электрондық платформаларда (жарияланған, эфирге шығарылған, Интернетте орналастырылған) тиісті тақырыптағы өз материалдарын жариялаған бүкіл Қазақстанның БАҚ қызметкерлері шақырылады.
Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі 2023 жылы «Журналистер күні» қарсаңында өтеді. Жеңімпаздар Алматы қаласына жүлделерді алу үшін арнайы шақырылады. Компания келу және тұру шығындарын өз мойнына алады.
2022-2023 жылдардағы байқаудың ерекшелігі өңірлік БАҚ өкілдерін кеңінен қамту, номинациялар тізбесінің және жүлде қорын ұлғайту болып табылады.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Меруерт Бердыбаева,
Тел.: +7 (727) 244-62-66, ішкі.52505, e-mail: Meruertb@halyklife.kz