Өзгертілген күн 21.09.2024, 07:41
Баспасөз орталығы

«Халық-Life» АҚ журналистерге арналған республикалық байқаудың қорытындысын жариялады

31.05.2022

2022 жылғы 24 мамыр, Алматы қ. —«Халық-Life» өмірді сақтандыру компаниясы журналистер арасында ҚР өмірді сақтандыру туралы үздік материалға жариялаған Республикалық байқаудың қорытындысын шығарды.

Сонымен, 500 мың теңге жүлдесі бар бірінші орынды «Семей Телеарнасының» тілшісі, Диана Төлеудің «Өмірді сақтандыру-болашаққа инвестиция!» атты арнайы репортажы жеңіп алды.

Екінші орын және 300 мың теңге жас журналист Абай Аймағамбетке бұйырды. Оның материалы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды. Мақала «Сақтандыру секторын қандай өзгерістер күтіп тұр?» деп аталады.

Cosmo –да жарық көрген Үмітжан Сасанованың «Адам өмірі — ең қажетсіз актив. Бұл рас па?» материалы 3 орынды иеленіп, өз қаңжығасына 200 мың теңгені байлады.

«Өмірді сақтандыру-оңай тақырып емес, біз сақтандыру нарығы туралы, оның ішінде өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламалары туралы жазатын журналистердің кәсіби жұмысы атап өтілуі тиіс деп есептейміз. Сондықтан біз барлық өмірді сақтандыру Компаниялары арасында бірінші болып ҚР өмірді сақтандыру тақырыбын жария ететін журналистер арасында республикалық байқауды өткізуді шештік. Және бұл тек бастамасы ғана: біз ары қарай жылжуға ниеттіміз және осындай байқауларды өңірлерде өткізуді қарастырып жатырмыз. Біз үшін республиканың барлық аймақтарын қамтып, барлық журналистерге бақ сынауға мүмкіндік беру өте маңызды», - деп түсіндірді компанияның Басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.

Байқаудың қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Қаржыгерлер Қорының сақтандыру секторын дамыту орталығының басқарушы директоры Ерлан Бурабаев жеңімпаздарды марапаттап, байқауға ұсынылған жұмыстардың өте қызықты болғанын, ал олардың авторлары тақырыпты жария етуде түрлі тәсілдерді қолданғанын атап өтті.

«Байқауды өткізудің негізгі мақсаты - Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығын дамытудың мүмкіндіктері мен проблемалары туралы халықтың хабардарлығын арттыру болды. Менің ойымша, қатысушылар бұл міндетті орындай алды. Әрине, әзірге отандастарымыздың барлығы өмірді сақтандыру өнімдері туралы және бұл өнімдердің ертеңгі күнге қорғаныс пен сенімділік беретіні жайлы біле бермейді. Сондықтан біз «Халық-Life» Компаниясына халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған бастамасы үшін алғыс айтамыз», - деп Қазақстан Қаржыгерлер Қорының басқарушы директоры Ерлан Бурабаев өз сөзінде «Халық-Life» басшыларын байқауды ұйымдастырғаны үшін өз алғысын білдірді.

Байқаудың негізгі міндеті сақтандыру институтының әлеуметтік маңыздылығын насихаттау және халықтың сақтандыру мәдениетін арттыру, сондай-ақ журналистерді Қазақстанның сақтандыру нарығындағы өзекті проблемаларды жариялауға ынталандыру болды.

Өткен жылдың 27 қазанында жарияланған байқауда өмірді сақтандыру саласындағы өзекті мәселелерге арналған ақпараттық-ағартушылық жарияланымдар мен теле - және радиохабарлар қарауға қабылданды. Оның қатысушылары өмірді сақтандыру тақырыбын тереңірек түсініп қана қоймай, пайдалы ақпаратты барлық қазақстандықтарға жеткізе алды. 1 қарашадан 1 мамырға дейін қазылар алқасының қарауына 10 материал келіп түсті. Байқау жеңімпаздарын марапаттау Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының алаңында өтті және Халық-Life-тың ресми Instagram-парақшасында тікелей эфирінде көрсетілді.