Өзгертілген күн 21.09.2024, 07:41
Баспасөз орталығы

«Халық-Life» АҚ «Гемба» атты бизнес-практикумын өткізді

23.05.2022

20 мамырда «Халық-Life» Компаниясының тарихында алғаш рет «Гемба» күні өтті. Гемба дегеніміз не - бұл жұмысты жақсы түсінуге және одан әрі жетілдірудің шешімін табу үшін мәселелерді шешуге деген ұмтылысты білдіреді. Осылайша, компанияның бэк-кеңсесінің көптеген қызметкерлері бұл күні филиалдарға жұмысқа шығып, бизнес үдерістерді «өз қолдарымен ұстап көрді».

Гемба менеджерінің міндеті-түпкі себепті табу және «сапа, шығындар, қызметтер» тұжырымдамасын жүзеге асыру болып табылады.

 «Біздің міндетіміз-Компанияның сервисі мен қызметтерінде нені өзгерту, жақсарту, нені пысықтау керектігін анықтау. Бас кеңседе біз бизнес процестерді жақсарту туралы көп сөйлесеміз, бірақ «жүз рет естігеннен гөрі бір рет көрген жақсы» дегендей, Компанияның барлық басшылары бұл күні «алаңға» шығып, менеджерлердің жұмысына кірісті. Алғашқы гемба сәтті өтті. Бүгінгі таңда бізде әлі де жетілдіру қажет нақты жұмыстардың бар екенніне көзіміз жетті», - деді Басқарма Төрағасы Жанар Жұбаниязова.

Күннің қорытындысы бойынша қатысушылар Компанияның бизнесіне қажетті өзгерістер бойынша өз ұсыныстарын дайындады. Олар Компанияның сапасы мен тиімділігіне қатысты болды.

«Бүгін біз бизнес үдерістерді көріп қана қоймай, клиенттерімізбен де сөйлесе алдық. Күн барысында біз менеджерлердің жұмысын қиындататын кейбір процестерді анықтадық. Біз осы міндеттерді үнемі өзіміздің кеңсемізде талқылаймыз, ал сен шын мәнінде өзіңнің «өніміңе» қол тигізгенде, ғана оның қызметін анықтай алады екенсін. Осындай іс — шараларды өткізу «филиал - бас кеңсе» жүйесінде персоналдың тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруға көмектеседі. Жалпы, процестерді жетілдіріп, жеңілдетіп, сервисті ретке келтіреміз», - деді өнімдерді дамыту және бизнес үдерістер басқармасының бастығы Дастан Арынғазы.

Алдағы уақытта компания басшылығы бизнес процестерді оңтайландыру және жақсарту үшін өңірлерде, филиалдар арасында осындай күн өткізуді жоспарлап отыр. Компания клиенттерге жоғары сапалы қызметтер мен сервистерді ұсыну бойынша үнемі жұмыс жүргізетінін атап өткіміз келеді.