2021 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша «Халық-Life» АҚ сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 59,4 млрд теңгені құрап, Компанияның нарықтағы үлесін 33% мөлшерінде қамтамасыз етті. Бұл көрсеткіштер өз кезегінде Компанияға кезекті рет Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығын басқаруға мүмкіндік берді.
«Бірінші жартыжылдықты қорытындылай келе, біздің Компания кезекті рет нарықтағы көшбасшылық жайғасымын нығайтты. Бүгінде «Халық-Life» АҚ сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің көлемі бойынша №1 Компания болып табылады. Жыл басынан бері Компанияның сақтандыру сыйлықақыларының көлемі шамамен 60 млрд теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есеге ұлғайды. Ал 6 айдағы сақтандыру төлемдері шамамен 6 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіштер клиенттеріміздің бізге деген жоғары сенімін тағы да растай түседі. Біз болсақ, олардың осы сенімін жоғары сапалы сервис пен көпфункционалды сақтандыру шешімдерін ұсына отырып, одан әрі ақтауға, әрі нығайтуға ниеттіміз. Айта кетерлігі, осы кезең ішінде біз нарықта бірінші болып IOS және Android клиенттеріне арналған мобильді қосымшаны ұсындық және компанияның сайтында 5 минут ішінде онлайн сатып алуға болатын «Life-Персона» өмірді сақтандыру өнімін шығардық», - деді өз сөзінде «Халық-Life» АҚ Басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.
Жалпы 01.07.2021 ж. жағдай бойынша Компания Қазақстан Республикасында өмірді сақтандыру компанияларының арасында қаржылық көрсеткіштері бойынша жетекші орынға ие:
Жиналған сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері бойынша 1-ші орын (59,4 млрд теңге, нарықтағы үлесі 33%);
Меншікті капитал мөлшері бойынша 1-ші орын (43,4 млрд теңге, нарықтағы үлесі 34%);
Жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің мөлшері бойынша 1-ші орын (5,6 млрд теңге, нарықтағы үлесі 37%);
Таза пайда мөлшері бойынша 2-ші орын (6,2 млрд теңге, нарықтағы үлесі 31%);
Активтер мөлшері бойынша 2-ші орын (210,4 млрд теңге, нарықтағы үлесі 31%);
Сақтандыру резервтерінің мөлшері бойынша 2-ші орын (156,8 млрд теңге, нарықтағы үлесі 32%).
Сондай-ақ, маусым айында «Халық-Life» АҚ халықаралық World Economic Magazine беделді басылымымен Best Life Insurance Company Kazakhstan 2021 («Қазақстанның өмірді сақтандыру бойынша үздік компания 2021») номинациясының жеңімпазы атанды.
Анықтама үшін:
«Халық-Life» АҚ – «Халық-Life» өмірді сақтандыру бойынша Қазақстан Халық Банкінің еншілес компаниясы» АҚ 2005 жылы құрылған. Компанияның меншікті капиталы 43 млрд теңгені құрайды. Компанияның қаржылық тұрақтылық рейтингісі «B+» деңгейінде және кредиттік рейтингісі «bbb-» деңгейінде, өмірді сақтандыру бойынша барлық қазақстандық компаниялар арасында, АМ Best халықаралық рейтингтік агенттігінен ең жоғары болып табылады. «Халық-Life» АҚ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ қатысушысы болып табылады. Оның жалғыз акционері Қазақстанның ең ірі банкі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына Лицензиясы 2006 жылы берілді. Лицензия компанияның бас кеңсесінің мекенжайының өзгеруіне байланысты 04.11.2016 жылы №2.2.41 жаңартылды.