Өзгертілген күн 21.09.2024, 07:41
Баспасөз орталығы

«Халық-Life» АҚ Жаңаөзен қаласында жаңа кеңсе ашуда

12.11.2020
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2020 жылғы 03 қарашада «Халық-Life» АҚ-тың Жаңаөзен қаласындағы өңірлік бөлімшесінің жаңа кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті. Ашылу рәсіміне құрметті қонақтар – Компанияның клиенттері мен серіктестері, сонымен қатар «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың Жаңаөзен қаласындағы филиалының өкілдері қатысты. Бүгінгі күнде , «Халық-Life» АҚ-тың өңірлік бөлімшесі 25 мыңнан астап клиентке, оның ішінде өңірдегі ірі кәсіпорындарға, атап айтқанда «Бұрғылау» ЖШС, «ҚазГӨЗ» ЖШС, «Өзен-Инвест» ЖШС-ға және сол сияқты басқаларға қызмет көрсетуде.

Компанияның жаңа кең кеңсесі Жаңаөзен қаласының беделді орталық ауданында, «Қазақтан Халық Банкі» АҚ-тың жаңа бөлімшесінің жанында орналасқан.

"Болашақ кеңсеге орын таңдаған кезде, біз, ең алдымен, клиенттерге қаланың кез келген жерінен жету ыңғайлы болу үшін кеңсенің орналасқан жерін басшылыққа алдық, өйткені біз көптеген клиенттерге қызмет көрсетеміз. Сонымен қатар, біздің кеңсе кең әрі жайлы бола түсті, өйткені біздің Компаниямыз өңірде өзінің қатысу үлесін кеңейтіп келеді. Бүгінгі күні, біздің кеңседе клиенттер - кез келген кеңес алу және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, зейнетақы аннуитеті және өмірді жинақтап сақтандыру бойынша шарттар жасасу сияқты сақтандыру қызметінің кең спектірін ала алады", - деп мәлімдейді «Халық-Life» АҚ Ақтау қ. филиалының директоры Тимур Қарымсақов.