Өзгертілген күн 21.09.2024, 07:41
Баспасөз орталығы

«Халық-Life» АҚ 2020 жылдың 1-ші жартыжылдығының нәтижелері бойынша ҚР өмірді сақтандыру нарығының көшбасшысы болып атанды

27.07.2020

2020 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Халық-Life» АҚ-тың сақтандыру сыйлықақылараның мөлшері 28,2 млрд теңгені құрады, бұл Компанияның нарықтағы үлесін 31% мөлшерінде қамтамасыз етіп, Компанияға тағы бір рет Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығының көшбасшысы болуына мүмкіндік берді.

Жалпы 01.07.2020 жылдың күй-жайы бойынша Компания қаржылық көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасындағы өмірді сақтандыру бойынша компаниялар арасында көшбасшылық орынға иеленді:

  • таза пайданың мөлшері бойынша 1-ші орын (5,0 млрд теңге, үлесі - 31%);
  • активтерінің мөлшері бойынша 2-ші орын (177,7 млрд теңге, үлесі - 34%);
  • сақтандыру резервтері бойынша 1-ші орын (136,4 млрд теңге, үлесі - 37%);
  • меншікті капиталдың мөлшері бойынша 1-ші орын (33,4 млрд теңге, үлесі - 34%);
  • жиналған сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері бойынша 1-ші орын (28,2 млрд теңге, үлесі - 31%);
  • жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің мөлшері бойынша 1-ші орын (4,8 млрд теңге, үлесі - 38%).