Баспасөз орталығы
4 қыркүйек 2026 ж.
«Халық-Life» сақтандыру шарттары бойынша 65 млн теңгеден астам бастапқы білім беру капиталын таратады

«Халық-Life» АҚ Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында бастапқы білім беру капиталының кезекті траншын бөле бастады.
2026 жылғы 31 тамызда жүйе операторы – «Қаржы орталығы» АҚ-дан 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жалпы сомасы 65 134 500 теңге болатын бастапқы білім беру капиталының кезекті траншы келіп түсті. Қаражат білім беру жинақтаушы өмірді сақтандыру шарттары бойынша бес күнтізбелік күн ішінде есептеледі.
Сақтандыру компанияларына Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу мүмкіндігі 2022 жылғы қыркүйекте тиісті заңнамалық өзгерістер күшіне енгеннен кейін берілді. 2022 жылғы 29 желтоқсанда «Халық-Life» АҚ өмірді сақтандыру компанияларының арасында бірінші болып тиісті лицензия алды, ал 2023 жылғы ақпанда өмірді сақтандыруға арналған Bilim-Life білім беру жинақтау бағдарламасын іске қосты.
Бағдарлама білім беру капиталын қалыптастырудың бірнеше жолының басын қосады: сақтандыру ұйымы ұсынатын кепілді кіріс, жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы – 5%, ал жекелеген басым санаттар үшін 7%, сондай-ақ сақтандыру қорғанысы. Шартта көзделген сақтандыру жағдайлары орын алған кезде баланың біліміне арналған жинақтар сақтандыру шартының талаптарына сәйкес қорғалады.
2025 жылғы наурызда білім беруге арналған жинақтарды мемлекеттік қолдаушы «Келешек» бағдарламасы есебінен кеңейтілді. Бағдарлама МБЖЖ аясында бастапқы білім беру капиталын төлуді көздейді.
Бастапқы білім беру капиталы енгізілген сәттен бастап «Халық-Life» АҚ 1 217 клиенттің білім беру жинақтау полистері бойынша 293 740 980 теңге есептеді. Бұл сомаға 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған транш та кіреді.
«Біз үшін білім беруге арналған жинақтарды мемлекеттік қолдаудың отбасылар үшін нақты қаржылық ресурсқа айналып, олардың балаларының болашағын неғұрлым сенімді жоспарлауына мүмкіндік беріп отырғаны маңызды. Бастапқы білім беру капиталы жинақталған қаражатты толықтырып, ата-аналарға баласының сапалы білім алуына алдын ала қаржылық негіз қалыптастыруға қосымша мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Bilim-Life жинақтау тетігін сақтандыру қорғанысымен ұштастырады. Бұл ұзақ мерзімді отбасылық мақсаттар үшін аса маңызды», – деп атап өтті «Халық-Life» АҚ Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева.
Оқуға жиған қаржыдан жаңа мүмкіндіктерге ашылған жол
Тәжірибе көрсеткендей, білім алуға арналған жинақтар тек оқу ақысын төлеу көзі ретінде ғана емес, баланың кейінгі білім алуына және дамуына қосымша мүмкіндіктер жасауға да пайдаланылуы мүмкін.
2023 жылы Гүлнара Джуматова сол кезде тоғызыншы сыныпта оқып жүрген ұлы Нұриге Bilim-Life бағдарламасын рәсімдеді.
Бүгінде Нұри 17 жаста. Ол Coventry University Kazakhstan университетіне грантқа оқуға түсіп, International Business бағыты бойынша Foundation бағдарламасында оқу бастамақ.
Грантқа ие болу отбасының бастапқы қаржылық жоспарын өзгертті. Білім ақысын төлеуге жинақталған қаражат енді бағдарламаның талаптарына сәйкес баланың одан әрі білім алуына және дамуына пайдаланылуы мүмкін.
Білім алуға арналған ұзақ мерзімді жинақ
Бастапқы білім беру капиталын кезекті бөлу Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің дамуын және отбасылардың білім беруді ұзақ мерзімді қаржыландыру құралдарына қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.
Білім беруге арналған сақтандыру баланың оқуына қажетті капитал жиып, мемлекеттен тиісті қолдау алуға және жинақтау кезеңінде сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Анықтама үшін:
«Халық-Life» АҚ – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның еншілес ұйымы, өмірді сақтандыру саласында қызмет көрсетеді.
БАҚ өкілдеріне арналған байланыс ақпараты:
Email: info@halyklife.kz
Тел.: +7 (727) 244-62-22 (52 502)
Ресми сайт: www.halyklife.kz