Баспасөз орталығы
22 шілде 2026 ж.
«Халық-Life» АҚ пайданы клиенттермен бөліседі: 2025 жылдың сақтандыру дивидендтері төленеді

«Халық-Life» АҚ жыл сайын инвестициялық қызметінен түскен пайданы клиенттермен бөліседі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша компанияның Директорлар кеңесі жинақтау арқылы өмірді сақтандыру шартын жасаған клиенттер арасында 372,5 млн теңге таза пайданы бөлу туралы шешім қабылдады. Инвестициялық қызметтен түскен пайдаға қатысатын, жинақтау арқылы өмірін сақтандырған 27,7 мыңнан астам шарт иесі қосымша табысқа ие болады. Кіріс компанияның 2025 жылғы инвестициялық қызметіне сақтандыру полисі қатысқаны есебінен қалыптасты.
Бөлінген сақтандыру дивидендтері қосымша сақтандыру сомасын сатып алуға жұмсалады. Оның нәтижесінде өмірді жинақтау арқылы сақтандырудың қолданыстағы шарттары бойынша жиынтық сақтандыру қорғанысы 489,1 млн теңгеге өседі. Сақтандыру жарнасынсыз-ақ клиенттердің сақтандыру қорғанысы, жинақ өсімі артады және шарттың бүкіл мерзімі ішінде өмірді ұзақ мерзімге сақтандырудан нақты қайтым болады.
Сақтандыру дивидендтерін ұдайы бөліп тұру «Халық-Life» АҚ-ның дәйекті саясатын дәлелдейді. Компанияның инвестициялық қызметінің нәтижелері клиенттер үшін пайдалы болып келеді. Жинақтау арқылы өмірді сақтандыру сақтанушыларға ұзақ мерзім ішінде қорғаныш болып, қаржы жинақтауды ғана емес, сонымен қатар шарттың қолданылу мерзімі ішінде елеулі нәтижені де қамтамасыз етеді. Компания сенім білдірген клиенттерге алғыс айтады!