Жаңартылған күні: 12.06.2026, 10:59

Сақтандыру омбудсманы

Егер сіз сақтандыру компаниясының шешімімен келіспесеңіз, Қазақстан Республикасының сақтандыру омбудсманына жүгінуге құқылысыз. Бұл — даулы мәселелерді сотқа дейін шешетін тегін тәуелсіз орган.

Сақтандыру омбудсманы кім

Сақтандыру омбудсманы — сақтанушылар мен сақтандыру ұйымдары арасындағы дауларды қарайтын тәуелсіз жеке тұлға. Омбудсман қызметі ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңымен реттеледі.

Омбудсманның байланыстары

Мекенжайы: 050042, Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі, 28/7, 2-қабат («Бай-Тал» ТК).
Телефон: +7 (727) 382-41-74, +7 (727) 265-54-70, +7 771 990-58-27
Email: info@fomb.kz
Сайт: fomb.kz

Қалай жүгінуге болады

Өтініш жазбаша түрде, сақтандыру компаниясына жүгінгенді растайтын құжаттар мен алынған жауаптың көшірмесін қоса беріп тапсырылады. Қарау тегін. Қарау мерзімі — екі айға дейін.