Жаңартылған күні: 26.05.2025, 14:20

Қайта сақтандыру

«Халық-Life» АҚ-тың қайта сақтандыру жөніндегі серіктесі — Gen Re, Berkshire Hathaway тобына кіретін, өмір мен денсаулықты қайта сақтандыруға (Life & Health) маманданған әлемдік қайта сақтандырушы.

Gen Re компаниясы туралы

Gen Re — өмір мен денсаулықты қайта сақтандыру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі, бүкіл әлем бойынша 37-ден астам кеңселер желісі арқылы жұмыс істейді. Компания Berkshire Hathaway тобына кіреді және 100-ден астам елдің сақтандырушыларына қызмет көрсетеді, жоғары капиталдық тұрақтылық пен көп жылдық салалық сараптаманы қамтамасыз етеді.

Компания қаржылық тұрақтылықтың жоғары рейтингіне ие:

  • A.M. Best — «A++»
  • Moody’s — «Aa1»
  • Standard & Poor’s — «AA+»

Ресми сайты: genre.com/int

Ынтымақтастық аясы

Gen Re-мен серіктестік «Халық-Life» АҚ-қа актуарлық есептеулер, сақтандыру өнімдерін әзірлеу мен тәуекелдерді бағалаудағы халықаралық сараптамаға, сондай-ақ ірі немесе жаппай төлемдер кезінде өмір мен денсаулықты сақтандыру шарттары портфелін қаржылық қорғауға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.