- Сақтандыру агентi
- сақтандыру агенттерінің тізіліміне енген және тапсырыс шарты негізінде бiр немесе бiрнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
- Сақтандыру брокері
- сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкілдік ететін немесе сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын және (немесе) қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша өз атынан делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
- Сақтандыру жағдайы
- басталған кезде сақтандыру шартында сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін оқиға.
- Сақтандыру омбудсманы
- «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына.
- Сақтандыру резервтерi
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарий есептеулерi негiзiнде бағаланатын мiндеттемелерi.
- Сақтандыру сомасы
- сақтандыру объектiлерi сақтандырылған адам және сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтандырушы жауаптылығының шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы.
- Сақтандыру сыйлықақысы
- сақтанушының сақтандырушыға, соңғысы пайда алушыға қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы.
- Сақтандыру төлемi
- сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы туған кезде не жинақтаушы сақтандыру шартында белгiленген мерзiм туған кезде сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы. Аннуитеттік сақтандыру шарттары және сақтандыру шартында немесе Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарында мерзімдік төлемдер нысанында төлемдерді жүзеге асыру көзделген өмірді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру төлемі біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.
- Сақтандыру ұйымы (сақтандырушы)
- сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлға.
- Сақтандырылған адам
- өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылған адам болып табылады.
- Сатып алу сомасы
- жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы.