Мемлекеттік сыйлықақы және бастапқы білім беру капиталымен баланың білім алуына қаражат жинаңыз

Мемлекеттік сыйлықақы және бастапқы білім беру капиталымен баланың білім алуына қаражат жинаңыз

Артықшылықтар

Жинақтаудың бүкіл мерзіміне 8%-ға дейінгі мөлшердегі кепілдендірілген кіріс

Жинақтарыңыз шарттың бүкіл мерзімі ішінде 8%-ға дейін кепілдендірілген табыспен өседі

Жинақтау сомасына жылсайынғы 5-7% көлеміндегі мемлекеттік сыйлықақы

Мемлекет білім беру жинақтары сомасына жылдық 5% немесе 7% мемлекеттік сыйлықақы есептейді

Мерзімді сақтандыру төлемдерін 8%-ға дейін индекстеу

Мерзімді сақтандыру төлемдері инфляциядан қорғау үшін 8%-ға дейін индекстеледі

Бүкіл әлем бойынша тәулік бойы сақтандыруды қолдану

Сақтандыру қорғанысы бүкіл әлем бойынша тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді

Білім беру грантын алу кезінде жинақтардың барлық сомасын алу мүмкіндігі

Білім беру грантын алған кезде жинақталған барлық соманы алуға болады

Сақтандыру шартын басқа балаға ресімдеу мүмкіндігі

Қажет болған жағдайда сақтандыру шартын басқа балаға ресімдеуге болады

Сақтандыру төлемдеріне Кепілдік беру қорының кепілдігі

Жинақтарыңыз Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдігімен қорғалған

Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу кезеңділігін таңдау мүмкіндігі

Ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет немесе біржолғы төлем — ыңғайлы кезеңділікті таңдаңыз

Бағдарлама нені қамтиды

Балаға арналған білім беру капиталы — сақтанушымен бір жағдай орын алса да.

  1. 01

    Баланың білім алу жасына дейін өмір сүруі

    ЖОО-ға түсу немесе кәмелетке толу кезінде кепілдендірілген кірісі мен мемлекеттік сыйақысы бар жинақталған соманы төлеу.

  2. 02

    Сақтанушының қайтыс болуы

    Компания сіздің орныңызға жарналар төлеуді жалғастырады — бала білім алуға арналған толық соманы белгіленген мерзімде алады.

  3. 03

    Сақтанушының мүгедектігі

    I немесе II топ мүгедектігі белгіленген кезде жарналарды төлеуден босату; бағдарлама жалғасады.

  4. 04

    Жазатайым оқиғадан қайтыс болу

    Отбасының қаржылық қорғанысы үшін негізгі сомадан жоғары қосымша төлем.

  5. 05

    Жарақаттар мен зақымдар

    Сақтанушының дене жарақаттары кезіндегі сақтандыру төлемдері кестесі бойынша төлем.

Алдын ала есептеулер

Сақтандыру шарттары

Сақтандыру полисінің иесі (Сақтанушы) кім бола алады?
  • Пайда алушының ата-анасы немесе өзге де жақын туысы, заңды өкілі болып табылатын жеке тұлға
Сақтандыру мерзімі
  • 3 жастан 20 жасқа дейін
Сақтандыру жарналарын төлеу кезеңділігі
  • Ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет немесе біржолғы төлем
Сақтандыру қорғанысының аумағы мен уақыты
  • Бүкіл әлем бойынша, тәулігіне 24 сағат
Мемлекет сыйлықақысын есептеу
  • Мемлекеттің сыйлықақысы білім беру жинақтау салымының сомасына жылдық 5% мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде есептеледі
  • Мемлекеттің сыйлықақысы басым санатқа жатқызылған салымшылардың пайдасына ашылған білім беру жинақтау салымдары бойынша жылдық 7% мөлшерінде есептеледі: жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар; мүгедектігі бар адамдар; көпбалалы отбасылардың балалары (4 және одан да көп бала); орташа жан басына шаққандағы кірісі азық-түліктік себеттің құнынан төмен отбасылардың балалары
Сақтандыру ережелері

Жиі қойылатын сұрақтар

Жауап таппасаңыз — 7123 нөміріне тегін, тәулік бойы хабарласыңыз.

Бала жинақталған соманы қашан ала алады?

Баланың кәмелетке толған кезінде (18 жасында) немесе шартта көзделген болса — ЖОО-ға түсу кезеңінде. Ақша ата-ананың немесе баланың шотына төленеді.

Балаға мемлекеттік сыйақы беріле ме?

Иә. «Bilim-Life» бойынша мемлекет жыл сайын жарна сомасының 5–7 % мөлшерінде сыйақы есептейді. Бұл автоматты түрде жасалады — өтініш беру қажет емес.

Жарнаны уақытында төлей алмасам не болады?

Шарт автоматты түрде күшін жоймайды. Жеңілдік кезеңі қарастырылған — әдетте 60 күн. Төлем ұзақ уақыт түспесе, шарт тоқтатылады; жинақталған сома сақталады және қалпына келтірілуі мүмкін.

Айлық жарна мөлшерін өзгертуге бола ма?

Иә, жарна мөлшері шарт мерзімінде қайта қаралуы мүмкін — белгіленген шектерде көбейту немесе азайту. Өзгерістер қосымша келісімге сай рәсімделеді.

Маған бір нәрсе болса, балам не алады?

Сақтанушы қайтыс болған немесе еңбекке жарамсыздыққа ұшыраған жағдайда компания жарналарды сіздің орныңызға жалғастырады — бағдарлама аяғына дейін жетеді және бала белгіленген мерзімде толық соманы алады.

Шартты мерзімінен бұрын бұзуға бола ма?

Иә. Сатып алу сомасын аласыз, оның мөлшері шарт мерзіміне байланысты. Жарналар ұзақ түскен сайын, жинақтың үлкен үлесін қайтарып алу мүмкін.