Баспасөз орталығы
25 тамыз 2025 ж.
"Халық-Life" АҚ Өскемен қаласындағы филиалға жаңа басшының тағайындалғаны туралы хабарлайды

2025 жылғы 25 тамыздан бастап «Халық-Life» АҚ Өскемен қаласындағы филиалы директорының міндетін атқарушы болып Құдайберген Нұрлыбек Таныбергенұлы тағайындалды.
Нұрлыбек Таныбергенұлы «Экономика», «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандықтары бойынша жоғары техникалық және экономикалық білімге ие. Сақтандыру саласында 9 жылдан астам тәжірибесі бар.
Кәсіби қызметін сақтандыру саласында «Қазкоммерц-Life» АҚ-ында бастаған. 2018 жылдан бері «Халық-Life» АҚ-ында жұмыс істеп, сақтандыру агенті, менеджер және Алматы қаласындағы филиалдың сату жөніндегі бас менеджері қызметтерін атқарған.