Ерікті сақтандыру
Қызметкердің пайдасына ерікті аннуитеттік сақтандыру бағдарламалары жұмыс берушіге қызметкерлер алдындағы өзінің барлық қаржылық тәуекелдерін, оның ішінде жұмыс берушінің жауапкершілігі заңмен бекітілген жағдайларды жабуға мүмкіндік береді.
«Халық-Life» АҚ Сізге сақтандыру бағдарламаларының 3 түрін ұсынады
Қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен 30% - дан 100% - ға дейін айрылуына не оның қайтыс болуына әкеп соққан жазатайым оқиғадан қызметкерді міндетті сақтандыру шарты шеңберіндегі аннуитеттік сақтандыру.
Қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен 5% - дан 29% - ға дейін айрылуына әкеп соққан өндірістегі жазатайым оқиғалар бойынша жұмыс берушінің жауапкершілігі және міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде айқындалатын қызметкердің ай сайынғы табысынан (жалақының он еселенген ең төменгі мөлшерінен астам) асып кеткен кездегі төлемдер міндеті шеңберіндегі аннуитеттік сақтандыру.
Жасына байланысты немесе өзге де негіздер бойынша еңбек қызметін одан әрі жүзеге асыра алмайтын және еңбек сіңірген демалысқа мерзімінен бұрын шығатын зейнетақы алдындағы жастағы қызметкерді аннуитеттік сақтандыру.
Сақтандырудың тиімділігі
Сақтандырудың шарттары
Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, Сақтанушының зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 18 жастан асқан қызметкері
Аннуитенттің өмір сүру ұзақтығына байланысты аннуитенттің (шарт бойынша аннуитеттік төлемдерді алушының) мүліктік мүдделері, яғни сақтандыру жағдайы аннуитенттің әрбір кезекті аннуитеттік төлем күніне дейін өмір сүруі болып табылады
Сақтандыру шартын жасау үшін қажетті құжаттар
1. Сақтандыруға өтініш (компания үлгісі бойынша);
2. Жеке куәліктің көшірмесі және ЖСН (сақтандырылған/Аннуитент);
3. КЖ / ТҚҚ мақсатында Клиентті сәйкестендіру бойынша сауалнама (компания үлгісі бойынша);
4. Мемлекеттік тіркеуден өту фактісін растайтын, уәкілетті орган берген құжат (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/анықтама, заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркеу әрекеттері туралы анықтама (бұдан әрі – ЭҮ анықтамасы) ҚР Электрондық үкімет порталынан www.egov.kz. бұл құжат порталдан алынуы тиіс www.egov.kz сақтандыру шарты жасалған күннен кешіктірмей;
5. Жеке басты куәландыратын құжат, заңды тұлға-клиенттің атынан іс – әрекеттер жасауға, оның ішінде заңды тұлғаның ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға арналған құжаттарына қол қоюға лауазымды тұлғаның(тұлғалардың), өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттар (сенімхат, сенімгерлік басқару шарты және өзге де құжат (- тар);
6. Бұйрық, жалпы жиналыстың хаттамасы, Директорлар кеңесінің хаттамасы, жалғыз акционердің (құрылтайшының) шешімі не тұлғаның жеке дара атқарушы органның не алқалық атқарушы орган басшысының немесе мүшесінің функцияларын жүзеге асыруына негіз болатын өзге құжат (жалғыз қатысушының шешімі, қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі-ЖШС үшін, жалғыз акционердің шешімі, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі, Директорлар кеңесінің шешімі – АҚ үшін);
7. Жеке басты куәландыратын құжат, қоғамдық немесе діни бірлестік филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттігін растайтын құжат (филиалдар мен өкілдіктер үшін) (сенімхат, басшы органның басшыны сайлау туралы хаттамасы – діни бірлестік үшін, басшы органды айқындау туралы құрылтай съезінің шешімі/қоғамдық бірлестік үшін жарғы (сенімхат, жеке тұлғаға мүдделерді білдіру туралы бұйрық)).
Жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа:
8. Мемлекеттік тіркеуден өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген құжат (дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік). Бұл құжат порталдан алынуы тиіс www.egov.kz сақтандыру шарты жасалған күннен кешіктірмей.
1. Сақтандыруға өтініш (компания үлгісі бойынша);
2. Жеке куәліктің көшірмесі және ЖСН (сақтандырылған/Аннуитент);
3. КЖ / ТҚҚ мақсатында Клиентті сәйкестендіру бойынша сауалнама (компания нысаны);